Сәнбике боп шетелге барасыз ба?
блог
Құлдық– адамзат тарихындағы қанаудың дөрекі түрі. Құлдық алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастаған кезеңде пайда болды. Алғашқыда соғыс тұтқындары, қарыздарын өтей алмаған кедейлер құлға айналдырылды. Кейіннен құл саудасы кеңінен өріс алды. Құлдықтың классикалық үлгісі ежелгі Вавилонда, Египетте, Грекияда, Римде болды. 5 ғасырдан бастап құл еңбегі маңызын жоя бастады. 16 ғасырда Батыс Еуропада капиталистік қатынастар дамып, жаңадан ашылған жерлерді жаппай отарлау нәтижесінде құлдық қайта өріс алды. Мылтық пен зеңбіректің күшімен еуропалықтар Америка, Азия, Африка құрлықтарының көптеген халықтарын еріксіз құлға айналдырды. Құлдық, әсіресе, Америкада кең етек жайды. Үндістерден тартып алынған жерлерді игеруге адам күші жетпегендіктен, отаршылар Африкадан әкелінген негрлердің еңбегін кеңінен пайдаланды. Сөйтіп Америка және Африка материктері арасында құл саудасы басталды. Құлдыққа және құл саудасына қарсы көтерілістер жиі болып, зиялы қауым арасында наразылық қозғалысы пайда болды. 18 ғасырдың аяғында Францияда революция жеңіске жеткеннен кейін француз отарларында құлдыққа және құл саудасына тыйым салынғанымен, жергілікті жерлерде бұл шешім көп уақытқа дейін орындалмады. 1807 жылы ағылшын өкіметі де осындай шешім қабылдап, 1826 жылдан кейін ғана толық жүзеге асыруға қол жеткізді. 19 ғасырдың ортасына қарай АҚШ-та құлдыққа қарсы қоғамдық пікір күрт күшейді. Нәтижесінде 1861 – 65 жылдары елде құлдық жойылған солтүстік штаттар мен құл еңбегін пайдаланатын оңтүстік штаттар арасында азамат соғысы басталды. Соғыста солтүстік штаттар жеңіске жетіп, АҚШ-та құлдық толық жойылды. Осыдан кейін Америка құрлығының басқа да елдерінде құлдық пен құл саудасына тыйым салына бастады.
Қазіргі таңда құлдыққа салудың алуан жолы бар деседі.Бірі алдап-арбаса,бірі сыртынан бірден сатып жібереді екен. Статистикаға сәйкес құлдыққа 15-16 жастан бастап алады екен.Қыздарды немесе жас жігіттерді қинап құлдыққа салу-олардың жеке бас бостандығынан айырумен пара-пар.
Ал жас қыздар қалай жауап берер екен?! Сынап көрген болатынбыз."Журналист мамандығын өзгертеді"айдары бойынша эксперимент жасаған болатынбыз.
1-күн
12 бойжеткенге "Мен модельдік агенттікте жұмыс істеймін,сәнбике болғыларыңыз келе ме?"деген сынды сауалдар арқылы олардың жан дүниесін баурап алуға тырыстым.
ИӘ,эксперимент нәтижесі қуантпады әрине, жарты сағат көлемінде 8 қыз келісіп, өз телефон нөмірін қалдырды. Демек,олардың қорқыныш үрейі жоқ,алдануға әзір....
2-күн
10 бойжеткенге агенттік туралы айтып жарнамалап көру арқылы,7 қыздың телефон нөмірін алдым.
3-күн
11 қызды алдау арқылы 9 бойжеткеннің нөмірін алдым.
Міне қараңыз,салыстырмалы түрде қарасақ,бойжеткендердің басым бөлігі алдануға құштар.Бұл біз үшін үлкен проблема.
Қыздарды сәнбике боласың деп, алдап шетелге сатып жіберетін зұлымдар, жас қыздар психологиясымен әбден таныс.Олар үшін көндіру қиын емес, сондықтанда айтылған ақпаратты бір емес,бірнеше мәрте мұқият тексеріп, әр жылы қараған адамға сене бермеген абзал....