Сананы жаулаған ғаламтор

      Қазіргі ғасыр-ақпарат пен технологияның ғасыры.Ғылым мен техниканың өріс алуы, дамуы жақсы-ақ. Десе де, мұның адам баласына қаншалықты пайдасы бар, зияны бар ма?-деген сауалдардың аражігіне үңіліп көрдік пе? Барлығымыз жаңа заман легінен қалмаймыз деп техниканың тілін меңгеруде уақытты шығындап алғамыз жоқ па?Рухани құндылық мәселесі артта қалмады ма? Осы сауалдарға тереңнен ойландым.
      Әрине, ғылым мен ілімнен қалмағанымыз жақсы.Жаңаны меңгеру бұл адам блаласына бұйырған мүмкіндік деп олаймын.Десе де, қазіргі кездегі ғаламтор санамызды жауалп жатқанын неге сезінбейміз?Уақыттың өзі-адамзаттың ең қымбат қазынасы. Осы қазынамызды ғаламторға жегізіп алып жатырмыз ғой.Уақытта өміріміз бар екенін ұмытудамыз.Бұл барлығымыз мойындайтын ақиқат екенін де білеміз.Қазір әлеуметік желілер көбейді.Деректерге сүйенсек, бір жастағы баладан, еңкейген қартқа дейін ғаламтордың бетінде екен.барлық байлық, қызық тек қана ғаламторда сияқты.Ғаламтор санамызды торлап, құрсауына алып жатыр.тіптен, бір-бірімізге уақыт бөлуден қалдық.Сағынышымызды, махаббатымызды ғаламтор арқылы, суреттер арқылы білдіріп жатырмыз. Осылайша, рухани жұтаңдап бара жатқанымызды сезінбейміз.
      Бұрындарға рухани құндылықтарға баса көңіл бөлетінбіз.Мысалы, кітап оқу.Кітап-адамзаттың басты байлығы. Десек те, ғаламтордан электронды кітап оқи саламыз.Ал зерттеулерге үңілсек, электронды кітаптың біраз пайызы ғана есте қалады екен.Қағаз кітап оқығанның барлығы есте сақталады екен.Екіншіден, денсаулық, ғаламторға үңілу бос уақытымызды ғана емес, денсаулығымызды да құртып жатыр.Адам баласының өзіне деген бір сағаты, туғандарына деген арналған уақыты болуы керек. Өкінішке орай, оның барлығын ғаламтор, әлеуметтік желілер басып жатыр. Жасырып-жабары жоқ, ата-анамыз да балаларға бос уақытын бөлуді қойды.Егер осылай қала берсек, ұлттық құндылықтан жұрдай боламыз ғой.Бұрынғы кинолар мен кітаптардан оқысақ, бар баланың бос уақыты «асық», «ләңгі» сияқты ойындар ойнаумен өткен екен. Ғаламтордың шырмауынан осындай ұлттық ойындарымызды да ұмыттық.Тіпті атауын да білмейміз. Ертегі тыңдар бала да жоқ, көретініміз ғаламтордан өзге ұлттың киносы, ойыны... Мен бұрынғы ата-бабаларымыздыкіндей балалық шаққа қызығамын.Ол өмір маған құдды ертегідей әсер етеді.Кім кінәлі?
     Қорыта келе, ғаламторды уақытымен, қажетке пайдаланып, бос уақытымызды басты құндылықтарымызды дамытуға арнайық!

 

 

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультеті,Дінтану мамандығының 2 курс студенті Ризабек Сұңқар, жетекшісі философия ғылымдарының кандидаты, дінтану жане мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Кантарбаева Ж.У www.kaznu.kz



Бөлісу: