Саналы ұрпақ – ұлт болашағы

Саналы ұрпақ – ұлт болашағы
жеке
блог

Қазақ халқы үшін қашанда өзекті тақырыптың бірі болған -ұрпақ тәрбиесі. Баланың кішкентай кезінен-ақ санасына, бойына ұлтына деген сүйіспеншілік, ұлтының салт- дәстүрін сіңіріп өсірген. Бесікте жатқан кезінен бастап, ұлттық мұрамыз қазақ фольклорын, яғни анасының әлдилеп айтқан бесік жырын естіп, тілі шығып, сөйлеуге талпынып жатқанда, әжесінің ертегі-аңызын тыңдап, ойынға құмар шағына келгенде, әкесі мен атасы балаға асық атуды үйретіп, атқа міну, күрес секілді спорттың түрлерімен ойындарды үйретеді. Мұның екі мәнісі бар: біріншісі,бала ұлттық ойынымызды білумен қатар сондай-ақ спорт жақын шымыр ер азамат етіп тәрбиелеу.

Ал қыз баласын қалай тәрбиелеген?


Қыз баласын халқымыз жат жұрттық қонақ деп сый-құрмет көрсеткен. .Қызды екі үлкен әулетті жақындастыратын алтын көпір санаған. Бойжетіп ес білер шағында оны үй шаруасына икемді пысық көйлегіменмен қос бұрымы ұзын болып, аз сөйлеп көп тыңдаған.

Бала «саналы» болып өсу үшін әсер ететін негізгі фактор ол- тәрбие.Қазіргі уақытта біз дербес, егемен қазақ елінің саналы азаматы мен азаматшасымыз.Жоғарыда айтылып ,өткен тәрбиенің негізгі түп тамыры осы қазақ ұлттың кемел бұллыңғырсыз жарқын болашағының болуы. «Саналы ұрпақ» дегенді қалай түсінемін?

Саналы ұрпақ - ол жастайынан ұлтының бар болмысын бойына жинаған, елдің өсіп, өркендеуіне деген қадамдарын нық әрі, күмәнсіз баса алатын, мемлекеттің дамуына тамшыдай болсын үлес қосатын «тамшыда тама - тама көл болады» дейтін бір тамшысынан үлкен көл теңіз жасай алатын, өзінің өзгерумен қатар әлемді өзгертуге тырысатын, «Әлемді өзгерту үшін алдымен өзің өзгеріс жаса!» -деген ұранды өзінің басты өмірлік ұстанымына айналдырған білімді, жан-жақты жалындап жанып тұрған,ерік -жігері мықты жастар деп білемін. Еліміздің болашағын дәл осындай ұрпаққа қорықпастан аманаттай аламыз.Бүгінгі жас ертенгі аға буын өкілі дәл қазіргі мезетте оларға қандай бағыт-бағдар берсек, сол бағдармен өз жолын таппақ.

Қазіргі таңда дәл осындай өскелең ұрпақ көшімізге ілесіп – еріп келеді. Осындай атадан балаға мирас болып сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатырған ұлттық болмыс- бітімді құндылықтардың қалыпын бұзбай жеткізу біздің басты- мұратымыз.Осы қазынамызды дұрыс жеткізе білсек , ұлтымыз жойылмайды, өшпейді ,тек жасампазданып, жаңғырып тарихта мәңгі өмір сүрмек! Саналы ұрпақты тәрбиелеудегі ең басты түпқазық ата - баба жолыннан таймау!

Менімен келіссесіз бе? Өз пікіріңізді жазуды ұмытпаңыз!