Санаға сіңген мықты жарнамалар

Қызық, жалпы біз жарнаманы қарағанды жек көреміз. Бірақ, жарнама біздің өмірімізге етене араласып, өміріміз бен ондағы заттарды өзгертіп жатқанын да білмейміз... 

Біздің өмірде етене араласып тіпті заттардың белгілі атын иеленіп алған компания өнімдеріне тоқталып кетсек: 

 Tefal- жалпы бұл электрлі ыдыс аяқ шығаратын компанияның атауы. Бірақ, өздеріңіз байқағандай біз электро чайниктерді осылай атаймыз. 1990 жылдардан кейін, бізде советтік ыдыраудан кейін шетелдік өнімдер енді кіре бастаған кездегі ең мықты жарнамалардың ең мықтысы. 

Rexona- антипеспирант, бірақ бізде біраз қолданысқа еніп басқа да компаниялар антипеспирантты жарнамалағанша біз антипеспиранттарды "Рексона" деп атайтынбыз. 

  Always- төсемшелер. Ешкім төсемшелер деп сұрамайды магазиннен, бірден "олвейс" деп сұраймыз. Котекстар шыққанша осылай болған. 

Ariston- негізі электрлі техниканы шығаратын компания, бірақ бізде су жылытатын құрылғыны бәрі "аристон" деп атайды. Себебі, біз ең алғаш ондай құрылғыны аристон компаниясы жарнамалады.

 Discreet- күнделікті төсемелері. Біз бірақ "ежедневка" дегеннен гөрі дискрит деп айтамыз. 

Orbit- сағыз. Алғаш, жастықша пішінді, пластинка пішінді сағыздар сатылымға шыққанда оларды ешкім сағыз деп атамады, орбит деп атады дирол келгенге шейін.

Maggi- сорпаға арналған текшелер, бірақ бізде сорпаны маггимен ғана жасайды деген бір кездері түсінік болған.

Ролотон- лапша. Бірақ, біз барлық тез дайындалатын лапшаларды солай атайтынбыз. 

Braun- негізі күнделікті тазалық, сәндік және ас үй элетірлі техникасын шығаратын компания, бірақ бізде сақал қыратын электірлі ұстараларды айтады.

Ары қарай оқырмандардың бөлісумен еске түскен заттар: 

"UGG"- қой терісінінен аяқ киім тігетін компания, қой терісінен, теріден тігілген аяқ киім емес. 

Xerox- ксерекс. Бұл атау біздің елде ғана емес әлемдік атау ие болған. Жалпы Xerox компания атауы, көшірме құралдарын көптеп шығарып, жоғары таралымға ие болған алғашқы компания атауы. 

Бұның бәрі менің  азғантай ғана сараптауым, есіме түсіп жатсам толықтырам. Өздеріңіз көріп отырғандай бұл өнімдердің бәрі біздің өмірімізге жарнама арқылы еніп кеткен. Жарнама- өте мықты қару. Оны елемеу арқылы, онымен өмір сүруге болады. 

 



Бөлісу: