Сән туралы қызықты деректер

Сән туралы қызықты деректер
жеке
блог

Бастапқыда киімді тек ыңғайлылығына қарап киген. Уақыт өте келе сәнді киіну, стиль қалыптастыру дамып келуде. Әрбір сәнге енген киімнің не бұйымның өз қызықты тарихы бар.

1. Жейде жеңдеріндегі ілгектер. Алғашқы рет бұл сәнді бұйым француздық әскерге арнайы қаулымен енгізілді. Наполеон Бонапарт әскерлерге  мұрындарын қолдарымен сүрту әдетін қойдыру үшін мундир жеңдеріне ілгек тігуді бұйырған.

2. Қыры сынған шалбарлар. Өнеркәсіптік өндіріске дейін қыры сынған шалбарлар болмады. Фабрикалық тігіннің дамуымен 19 ғасырдың екінші жартысында тауардың көп бөлігін транспорттау, соның ішінде теңіздік транспорттау дамыды. Жиналған шалбарларды ашқан кезде қыртыстар пайда болған, және де осындай қыры сынған шалбарлар сәнге айналып кеткен.

3. Белден төмен шалбарлар. Белден төмен тұратын шалбарлар мен джинстар Америкада сәнге еніп, әлем бойынша тез тарады. Әдетте рэп, хип-хоп мәдениетімен сәйкестендіріледі. Мұндай шалбарлар түрме киімінен шыққан деп айтылады, себебі тұтқындарға белбеу тағуға рұқсат болмағандықтан шалбарлары белден тусіп кете беретін болған.

4.Футболка. Футболкалар 50-жылдарға дейін тек ер адамдар және тек қана ішкі киім ретінде кигенін ойлау қиын. 1951 жылы «Трамвай «Желание»» фильміндегі актер ақ футболкада көрінеді. Одан соң Джон Уэйн және Джеймс Дин «ішкі киіммен» теледидардан көрінуі барлық көрермендерді таңғалдырды. 60-жылдары футболкалар жастар арасында жаңа сәнге айналып, әртүрлі түсті және бейнелермен шыға бастады.

5.Тамшы көзілдіктері. Тамшы түріндегі күннен қорғайтын көзілдіріктерді  АҚШ қорғаныс кешенінің тапсырысымен Ray-Ban компаниясы дайындады. Ол «Авиатор» деп аталды. Және де әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына арналды. Халық арасында да сұраныс көп болып, сериялық өндіріле бастады.