Сан ойлар мазалайды...

Сан ойлар мазалайды...
жеке
блог

           Білмеймін... Оқуды аман-есен бітірдік. Бірақ оқу орнына пейілім кеңейе қоймады, кек те сақтамаймын. Әңгімем басқада: екі аптадай боп қалды, әкемтеатрға барып жүрмін. Бұған дейін де театрға көп баратынмын, группаластарыма қарағанда. Жәймен-жәймен өз пікірім, көзқарасым, қойылымды талдар сыным өзімде қалыптасып келе жатқандай болып еді. Өткен жылғыммен бүгінімді салыстырсам, өткен жылы бүгінгіден шамалы көп оқып, көп біліп-үйренген екем. Биыл не болғанын білмеймін, жұрттың айтып жатқан нәрсесін тез қабылдай алмай қалатын болыппын. Қарындасым да әңгімесін айта бастаса, қайта-қайта сұрағыштап отырамын. Қабілетіме не болғанын түсінбей кеттім.

          Қазір, бәлкім, қорқып та қалғандаймын. Біреу тоқырау деп айтқан еді, сол тоқырауда жүрмін. Күнде қойылым көріп жүрмін, ал бірақ талдамақ түгіл қай жерінде не болғанын ұмытып қалатын болыппын. Ұмытшақтығым да қозып кетті ме, сондай өзі. Жәрар, қойылымды қоя берші. Шүкір, көрермендік көзқарасым бар, кішкене де болса. Театр сыншысы немесе Академияда оқыған емеспін ғой, оның жолдарын да біле бермеймін.

          Махаббатпен де ауырып жүрген жоқпын, сезім мен қиялмен арпалысатындай. Көптеген керемет кітаптарды жүктеп те қойғам. Ал қашан оқимын? Оны да білмеймін. Жалқаулық шығар, іштен жеп, шірітіп жатқан. Жазып жүрген нәстелерім де өзіме ұнамайды. Ашық әңгімелесетін дос та жоқ. Өзге жұрт анда-мында қыдырып, серуендеп, көңіл көтіріп, жарасып жүр. Ал менікі неғылған үйдежатыс? Сыртқа шығайын десең, ешкім іздеп келіп тұрған жоқ. Өзім болып бір іспен шұғылданайын десем, еріншектігім жібермейді. Әй дейтін ешкім болмай отыр. Тіпті, ішімде не боп жатқанын да жөнді түсіне алмай отырмын, түсіндіре алмай отырмын.

          Біреулері ән шығарып, біреулері ән айтып, достарының арасында ыстық ықыласқа бөленіп жүр. Ал менің бөленетін дымым да жоқ. Көшеге шықсам, көретінім, жүзінде күлкі жайнаған жастар. Жаман нәрсе жасап жатқан жоқ. Бар болғаны - өмірін сүріп жатыр. Мақсатсыз емес секілдімін, бірақ сол мақсатқа жетелейтін стимулымды жоғалтып алдым ба, білмедім. Тірлік болмағандықтан, уақыт та өтпей қойды. Не де болса, комптағы кітаптарды оқып көруім керек шығар. Тым болмаса, бір-екеуін. Соған да шамам жетсе, мен үшін батырлығым болар.

               Оқыған нәстелерім де есте қалмайтын болған. Өзімді мақау боп қалғандай сезініп жүрмін. Ішіп-жеу, ұйықтау. Осы күндегі әдетім. Бұлай болмайды. Мінеки, біле тұра, осылай етемін. Интернеттен әрнәрсені жүктеп ала беруге де шаршамайды екенмін. Білімімді арттыратындай біраз дүние жинап алдым, негізі. Енді неменеге инетке кіріп, тағы да жүктейтін бірдеңелерді іздеп отырамын. Білмеймін, не шешім қабылдайтынымды да. Ендігі ойым "Тәуелсіздік толғауында" жатыр.

                Таңғы 4. Әлі ұйықтамаппын. Жазбам да аса қызықты емес, бірақ жазып отырмын. Жоға, жұрт оқып, пікір қалдырсын деп емес, бұл жолы. Жәй... өзім үшін. Жұрт оқысын деп ниет етсем, жақсылап жазуым керек қой, жұрт оқуына лайықты болатындай. Ал менің бұл жазбам лайықты емес, басқалары да. Сондықтан ішімдегіні аяқ асты шығара салдым ба, білмедім. Жалпы, маған жаманшылық тілеп жатқан ешкім жоқ. Мен де ешкімге жаманшылық тілеп жүргенім жоқ. Өзіммен-өзім мұңайып, меланхолияға түсіп кеттім. Әлгі түрік те жұмысқа алса екен, Сұлтанәлі көкеме баратын. Нұрекең де жұмыс жаққа кел, театр сыншыларымен таныстырам деп еді. Ертең барсам бе екен... Ауылға да билет алуым керек, қайтуға.

                   Сан ойлар мазалайды... Нендей ойлар, білмедім... Түңіліп кеткен де шығармын. Білем, "басыңды көтер, мойыма, алға ұмтыл" деген моральды мәтіндер жалықтырып жібереді де, пайдасы болмайды бәрібір. "Әәә" дегеннен басқа айтарым болмайды... Эх... Эх.. Эх...