Салтымыздың сыбағасы қалмасын

Салтымыздың сыбағасы қалмасын
жеке
блог

«Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар» демекші халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады.

Салт пен дәстүрге өте бай халқымыздың ата-ананы, үлкенді құрметтеу, сыбаға, көрімдік, сүйінші, ерулік, ат тергеу және т.б. көптеген түрі дәстүрге жатады. Дегенмен ертеден келе жатқан дәстүріміздің кейбірі жоғалғанымен, қазіргі кезде бірқатар заңдылық ережелері бұзылды. Ол арқылы рухани дүниемізге елеулі нұқсан келді. Көпшілігі ұмытылды, немесе тиым салынды.Осы олқылықтардың алдын алу мақсатында еліміздің  "Ұлттық құндылықтар" жобасы аясында Ішкі саясат бастамасымен саф алтындай қымбат салт-дәстүрлерімізді жаңғырту негізге қойылды. 

Жарасты әрі әдемі дәстүрлеріміздің бірі, құрметті адамға, сыйлы қонаққа, жақын-жуыққа немесе жырақта жүрген үй-ішінің бір мүшесіне арнайы сақталған тиесілі кәделі мүше ұсынылатын дәстүр – «Сыбаға». Яғни, халқымыздың бір-бірін сыйлағанын білдіретін дәстүрлерінің бірі. Жиын-тойға келе алмай қалған қадірлі қонақтарына, жақын туыстарына немесе соғым сойғанда арнайы жақындарына бөлінген мүшелерді «сыбаға» дейді. «Өкпе бер, бауыр бер, сыбағамды тәуір бер», деп мән берілетін халқымызда сыбаға беру дәстүрі бұрыннан қалыптасқанЕл аузында «Үйіме қонып, әкеңнің сыбағасын жеп кет» деген де сөз бар. Оның себебі адамдардың жасы мен мәртебесіне сай тартылатын малдың белгілі мүшелері «сыбаға» деп аталуынан

Қазіргі кезде сыбаға беру дәстүрінің өзгергенін, кей жерлерде ұмыт бола бастағаны да байқалады. Сыбаға беру көрегенділіктің белгісі, өнеге боларлық іс. Әсіресе соғым кезінде сыбаға беру дәстүрі жиі орындалады. Соғым иесі ауыл-аймаққа, жақын-жұрағатына соғымнан тиесілі сыбаға береді. Жалпы сыбағаның өзі сыйластықтан шығатындықтан, көбінде сыбағаны арнаулы асын беріп немесе ат мінгізіп, шапан жауып, жүзік салып, жыртыс жыртып өтеуге де болады. Оның қара сыбаға, болжаусыз сыбаға, сақталған сыбағатүрлері болған. Сондай-ақ байлықтан, алынған өнімнен таратылатын арнайы үлес түрлері де бар:төркін сыбағаөлі сыбаға, су сыбағаДәстүрлі ортада түрлі жұмысқа жәрдемдесіп, қол ұшын бергендерге ұсынылатын сый-кәделер де сыбағадеп аталады: келі түбі – келі түйіскен адамға берілетін сыбаға; қолкесер – соғым сою кезінде қой сойған адамға берілетін сыбаға; азап арқа – соғым союда қара мал сойғанға берілетін сыбаға.