Салтанат Қайырбек.Фейерверк
блог
Фейерверк
Жүрегі жылап,зар мұңы төнген,
Жылайды,кейде елеңдеп түндер
Жырақта қалған,жарығы сөнген,
Бағына енді келер деп кімдер
Зәулімдерден қабаттар құлап,
Гүлдер де солып,тапталып қалды
Мұңлы минуттар,сағаттар бірақ,
Санамда мәңгі жатталып қалды
Үміт пен үрей таралып менде,
Жүректе мұңды күй тұнып қалды,
Жалын мен отқа оранып кеуде,
Тұрғандай жүрек қиқынып мәңгі
Сезімдер ұшқан алаңды жолда,
Жылтырды бәрі «керемет» деген,
Жарығы сөнген қаламды сонда,
Кезінде ешкім керек етпеген!
Малынды гүлім,шаттыққа кенет,
Жайнады тіпті қара талы да,
Жүйткиді жүрек,бақытқа енет,
Өзіне бәрін қаратады да...
Қарашы! Бақты тағыма байлап,
Еркелеп бүгін мен де ерікпен,
Алаулар бүгін бағымда жайнап,
Шашылып жатыр фейерверктен!
Ерлігін жасап,тау асып батыр,
О,тағдыр, бақты тең етесің бе?!
«От шашам» деп таласып жатыр,
Салтанаттың мерекесінде!!!
Сен құрбым екен деп...
Мен үшін көктем гүлі- мүсін,
Жаныма жаңа таң, бір есім.
Сол мұңнан өткем,бүгін үшін,
Сондықтан,бұл-менің үлесім
Көңліңде қапы қап елес күн,
Мұңыңды сағыныш шайып кеп,
Күлсем де,ақымақ емеспін,
Қарайсың, «сен емес» лайық деп,
Достықтың шыр етті киесі
Шыңынан төгілді,бөктерге,
Тулаған жүректің жүйесі-
Елеңдеп қарайды өткенге
Жауында мұң шақтан қаштың ба?
Біреулер жақынын қорғайды,
Айтып па бұршақтың астында
Өз басын қорғаған торғайды.
Құрбым-ау,бәрі де бір екен,
Жан мұңы-түн болса,айы-мен,
Өзімді әлі де тірі етем,
Мылқау мұң қалады жәйімен
Қайтемін,мен тұрдым кетем деп,
Мен кетсем,мұң жаққа кетем де!
Бірақ та,сен құрбым екен деп,
Мін тағам,өзіме бекерге
Мұңға-мұң дерт еді,бұздың ба?
Мендегі сезімді.Шыдармын.
Жеткен бе,ертегі қыздың да,
Гүл құшқан сарайдан шығар күн?!
Жүрекке жыр есу-көпке сын,
Сезімдер қауіпті,естігем.
Жылатып,бір есіп өткесін,
Жалт қарап, үнемі кеш білем
Жүрекке төгіл,күй барында,
Өшпейді,сезімнің бәрі ізгі
Мұңдарым-көңіл дидарында
Деректі фильмдер тәрізді
Жүректің ұраны,әні-бір,
Сен түскен фильмге тұр мұң кеп,
Титрде тұрады,бәрі бір,
Есімің «ең жақын» құрбым деп,
Іздедім өзімнен,өзіңнен
Достықты.Болмапты,оған түк,
Жүрегім төзіммен көз ілген,
Жоғалған әлемін жоғалтып...
Өзің ұмытқан өмірмен...
Ұмытам, көңлім көнсе егер
Жыладым ылғи баласып.
Кетуің керек болса егер-
Кетіп қал.Жол ашық.
Мұңы тым ауыр, шынайы,
Жүрегім мұндай күткен бе?
Мінезің жиған «ұпайы»
Келерсің бір күн біткенде.
Өткеннен қашам қайда боп?
«Ұмытам» десем жас тамад.
Жылдардан толқын пайда боп,
Жанымды шайып тастамақ.
Тазалық іздеп тұнықтан,
Өмірдей мына қалалық.
Әлдене мен де ұмытқам-
Әкелемін деп жаңалық.
Балалық еді, ауылым,
Көңілім бе еді кіршіксіз.
Көрмеген гүлін, жауынын,
Көктемім бе еді бүршіксіз?
...Ұмытам деймін, қайдағы!
Айналып кетем шоқтарға.
Ұмыту сірә, пайдалы-
Жауапкершілігі жоқтарға.
Күлкі мен шаттық төгілген,
Өлеңін оқып көңілден.
Өмірім мәңгі өрілген,
Өзің ұмытқан өмірмен
Күніңе күліп қарасам
Өмір сыйлаймын өлеңге,
Тақпақтап жүріп бала шақ
Гүл құшып,тағып көрем бе,
Ол кезде бәрі жарасад!
Өзі дегенін жаздырар,
Өмірдің анық, жайын әні,
Кішкентай бақыт мәз қылар,
Кішкентай қолы, аяғы...
Өмірі-өлең тәрізді,
Уатам, сүйем, тербетем,
Қорғаны елдің, жаны ізгі,
Әні болмаспын, мен ертең
Осындай жанмын. Несі мұң?
Ғасырға ақын орнаса!
...Енбей ақ қойсын, есімім,
Бір жүрек...Сонда болмаса.
Жасаурап тұрып жанарым,
Өзімнен өзім ұялам,
Естимін әнін даланың,
Бала шақ...Еске жиі алам
Дүние-өмір ашулы-ай,
Жұбатар ем ғой, жарасам
Жасқаншақ көзді жасырмай
Күніңе күліп қарасам!
Сезім бе? Сезім...
Ұмыттым әнін
Жүрегім нені ұқтырад?
Көзіңнен сөзің біліп тұрамын
Сезімнен осым мықтырақ!
Сезім бе?Сезім қимайды екен
Ұмытып.Қызық, онысы.
Қосылса жасын тыймайды екен,
Осыдан қорқад көбісі
Түсінбес,көрмес ешқандай адам,
Алдынан шықсын күткені!
Жасалған кезде кеш қалмай қадам-
Сезімнің соңы-түктені
Нүктені қояр сезімге өмір
Өлгендігіңді ескеріп.
Жарқ ете қалған кезінде көңіл,
Ел аузындағы естелік
Түсінбес,көрмес ешқандай адам,
Күттіріп қойса күткені,
Жасалған кезде кеш қалмай қадам-
Сезімнің соңы-түктені!
Екеуміз бірақ білеміз,білем
Жүрегің нені ұқтырад?
Ұғынып қана жүреміз,жүрем.
Бәрінен осы мықтырақ!
Гүлдерім менің,гүлдерім..
Мұңшылдың бірі боп алдым,
Жүрегім нені тұр қалап
Сезімге әбден тоналдым
Жауқазындарын ұрлап ап
Күдіктен ада болмысы
Таласа гүлдеп қарымен
Мұңыма келмей көнгісі
Тапқысы келед бәріне ем
Жұмақтан мәңгі қуылған
Көңілді оят таңымдай
Жүрегі жаспен жуылған
Хауаны жұбатқаныңдай
Тауып ап көңіл аппағын-
Көктемі нұрын жаудырып-
Жауқазын гүлдеп жатқанын-
Түн біліп қойды, тау біліп
Жауқазын сезім тоңса да
Мазаламайды күз үні
Тауларың алып болса да
Қызығады екен қызығы
Басыма қонып бақ шашыл
Қайтеді қинап мұншама ар
Жазда да күзде жап жасыл-
Көңілім менің шыршалар
Жоғалтып алғам өзімді
Өлеңдерімнің бірінде
Сенімді ашам көзімді
Мұңдарым білін, білінбе
Жылдар да айлар жаңылдым
жырымның таппай нүктесін
Өмірден шаттық бағыңның
керек етпеймін түктесін
Өзіңнен ғана күткесін
ҰБТ оқу, қиялдау
Білмеймін қандай үлгерім
Кіршіксіз, мұңшыл ұяңдау
Гүлдерім менің гүлдерім
Фиалка
Жан-жүректе от боп бекер,
Сезімдерге қиял таным,
Әлсін есіп,жоқ боп кетер,
Жұпарындай фиалканың
Сол фиалка сияқтанып
Жылатпасаң кезінде сен,
Мұз жүректі жиі ақтарып,
Сезім сырын сезінбес ем
Жырларым да жаңғырып кеп,
Көлеңкең боп, текке сенің,
Алғаш сезім-мәңгілік деп,
Маңайыңнан кетпес едім
Бағыт алып, жаңа таңға,
Мәңгі шипа,кетпес емін,
Қондырып ап алақанға-
Сен арқылы беттесемін
(Сондай еді,деп кешегім)
Құшасың,гүл, мойындашы,
Неменеге дем кеткесін?!
Құдай үшін қойыңдаршы,
Болды.Енді тербетпесін
Сағыныштың есіп елі-
Тербеткенде фиалканы,
Жүрек бәрін кешіреді
Сезім іштей ұялтады
Гүлім бақыт тілеп тағы,
Жүрегімнен үзілді кеп,
Мұңын кешкен жүрек бағы-
Одан бетер төзімдірек
Сеніп, әркез қиял табар,
Сезимдерге талас қайғы,
Алып-ұшқан фиалкалар-
Маған енді,жараспайды...
Салтанат Қайырбек. 2013