Ырым - тыйым жітілі түсінігі

Ырым - тыйым жітілі түсінігі
жеке
блог

Отбасы - ошақ қасы, бала тәрбиесі, «қазіргі бала – ертең бір дана», - деп бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген қазақ халқы ырымшыл болды. Өмір есігін енді ғана ашқан баланың ең алғаш естіген үні мен көрген бейнесі –анасының «әлдиі» мен әкесінің бейнесі, бала үшін тәрбиенің фундаментальды баспалдағы – баланың болашақ тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді .

Осындай әдет – ғұрыптың бір түрі – ырым. Қазақ халқы ырым-тыйым арқылы бала тәрбиелеу, жат әдеттерден тыю, адамгершілік – рухани, сыйласымдылық сынды ұлтымыздың рухани кеңістігінде әлі күнге дейін сақталып келе жатқан тарихи, этномәдени, әлеуметтік мәні терең дүние. Көңіл аударлық нәрсе, қазақ ырымдарында отбасылық құндылықтарға жете назар аударғандығын байқаймыз.. Қазақ халқы белгілі бір ырым – тыйымдарды ұстану арқылы пәле – жаладан, басқа түсуі ықтимал болған қатерлердің алдын алып отырған. Қалай дегенмен де, ырым-тыйымдарды халқымыздың ұлттық болмысынан бөле-жара қарауға болмайды.

Ғ.Т.Хафизұлының «Талбесіктен Жербесікке дейін» атты еңбегіндегі ырымдарды келтіре отырып, өз ойымды жеткізетін боламын.

Ең бірінші таңдап алған ырым: « Қазақ баласы ата-анасына тіл тигізбеуі керек. Бұлай істесе қара тас жалап, тілің тасқа тисін деп қан шығарады», -осы болды. Менің ойымша, ата – ана біздің осы дүние есігін аша салғандағы ең алғаш көрген қорғандарымыз бен жанашырларымыз деп білемін. Енді, өмір ащысы мен тәттісі қатар жүргендіктен кей балалар жетім, ата – анасыз балалар үйінде өсіп жатады, бұл қайғылы оқиға. Енді кейбірінде ата – анасы бола тұра, бар жағдайын жасап беріп отырған жағдайда да, оларды сыйламай, құрмет тұтпайтын жандар болады.  Міне, өмір көрінісі. .. Ата – ана қандай болса – дағы оларды сыйлау, жақсы көру – баланың парызы деп білемін. 

Айта кететін жайт, ата – ананың қадірі жайлы Құранда жазылған. Дана қазақ халқы шариғатқа сай өмір сүріп, наным – сенімдерінің іргесі мықты болғандықтан да біртуар тұлғалары дүниеге келіп отырған деп ойлаймын.

Екінші ырым «Қазақ салты бойынша түнде сыпырынды төкпейді, үй сыпырмайды. Сыпыра қалғанда: «Үйге бүйі кіріп кетті» дегенді айтып барып сыпырады. Себебі, сыпырынды жатқан жерге жын жиналады. Түнде сыпырындының ласы денеге шашыраса, адамға жын жабысады да, жазылмайтын науқасқа тап болады деп ырымдалады» жайында болмақ. Бұл ырымды келтіріп отырған себебім, түнге жақын үйді тағы бір жинап алайын деген мен, кілем – төсекшелерді қағып, сыпырып енді далаға шығып сыпырындыны төгейін дегенімде, анам көріп қалып, осы ырымға сай келтіріп, «түнде үй сыпырмайтыны — сыпыртқының ұшына жын жабысады», - деп еді. Қарап отырсам, бір хадисте келтірілгендей «Ақшам уақытынынан кейін жын – перілер қаптайды» дегені бар. Бұл да бір отбасылық құндылыққа жататын маңызды ырым деп есептеймін.

Үшінші келтіретін ырым « Ас атасы – нан » жайлы болмақ – «Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды, өзегі талып өкіреді деп ұтады». Бұл ырымды былай түсіндім, әрбір жасалған, шығарылған заттың не нәрсенің артында үлкен еңбек жатады. Оны бағалай білу – парыз. Себебі, дайын зат болғандықтан да, адам оны басып, құлатып  көргенсіздік танытып жатады. Сол сияқты, «Ас атасы - нан», - дейді дана қазақ. Ө.Тұрманжановтың өлеңі еріксіз есіме түсіп кетті:
«...Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар –

Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар !».

Келесі ырым қазақ халқының кешірімшілдігі мен парасаттылығы жайлы «Ағайынды кісілер араздасып қалса, басқа бір туысы ақ дастарханына шақырып, дәм сыйлап, татуластырады».

Қандай көңіл жібіп, жан жылытатын көрініс һәм ырым. Бұл жердегі маңыздылық – туыстық ара – қатынас, бір – біріне көмек беру, татуластыруға ұмтылу деп ойлаймын.

 

Ырым: «Қазақ алыстан келген жолаушыны, қонақты, ағайындарын, қандас бауырларын «Қырықтың бірі Қыдыр, Мыңның бірі Уәлі» деп ырымдап, төрге отырғызады...». Қазақ – қонақжайлы халық. Бұл халық өзіне қонақ болып келіп қалған жандарды «құдайы қонақ» санап, төрге отырғызып, өздері ішіп – жемегенін алдына салады. Қандас бауырларына құрметтілік танытудың өзі – парасаттылық белгісі. Менің ойымша, бұл ырым да халықтың кеңпейілдігін, қамқорлығын, мейірімділігін, құрметтілігін көрсететеді.

Ырым соңы «шашумен» болсын деген оймен,

«Келін түскенде, қыз ұзатылғанда, жолаушы сапардан оралғанда, құда не туыс-туған келгенде, тағы басқа қуанышты күндерде ауыл әйелдері құрт-ірімшік, қант-кәмпит, күміс тиын араластырып, топтасып тұрған адамдардың ортасына «Шашу, шашу!» деп, айқайлап тұрып шашады.. Шашуды әйелдер ғана шашады.. Шашуды балаларға берудің себебі «ырысты болсын» дегені.

Қандай да бір қуанышты жаңалық болсын, үлкен тойдың ең алғашқы сатысы – «шашу». Бұл да бір қазақ халқының ерекшелілігін көрсетіп тұрғандай. Жақындары, туған – туыстары шашулатып келсе – кімнің көңілі жібімейді, кімнің басына қуаныш орнамайды..?




Бөлісу: