Шығыс Азиялықтар неліктен асты таяқшалармен ішеді?

Шығыс Азиялықтар неліктен асты таяқшалармен ішеді?
жеке
блог

Тарихы

Таяқшалар – Шығыс Азияда ас ішкенде және ас әзірлегенде қолданылатын құрал. Бұл ас құралын негізінде Қытай, Корея, Жапония, Вьетнам халықтары қолданады.

Аңыз бойынша Юй бабасы ыстық етті қазаннан шығарып, күйіп қалмау үшін, жанындағы ағаштың екі бұтағын жұлып, етті шығарып алды.

Бұл азиялық таяқшалардың тарихы ежелгі Қытайда бастауын алды. Нақтырақ айтсақ, 5000 жыл бұрын Шан әулетінен шығып бүкіл Таяу Шығыс жеріне кең таралды. Ең бастапқыда бұл құрал ас әзірлегенде; тамақты араластыруға және турауға қолданылды. Содан кейін бірте-бірте адамдар асты таяқшалармен іше бастады. Бұл таяқшалар Жапонияға келгенде, оларды басында тек қана ақсүйектер мен байлар ғана қолданды, ал қарапайым халық асты қолымен ішті. Қазіргі күні миллиардтан астам халық бұл ас құралын қолданады. Сондай-ақ, 6-8 ғасырларда ұйғыр және моңғол халықтары бұл таяқшаларды кең түрде қолданды.

Түрлері

Әр халықтың ертеден дамып, қолданылып келе жатқан таяқшалары әртүрлі. Мысалы, Қытайлық таяқшалардың ұшы өткір емес, дөңгелек келеді. Жапонияда керісінше таяқшалардың ұшы өткір болады. Екі мәдениетте де таяқшалар көбінесе ағаштан жасалады. Вьетнамдық таяқшалар басқалармен салыстырғанда ең ұзыны және қалыңы. Ал Кореяда таяқшалар көбінесе металлдан жасалады және ұзындығы қысқа, қалыңдығы жіңішке болып келеді.

Көбінесе бұл таяқшалар ағаштан (дәстүрлі бамбуктан) немесе темірден жасалады. Бірақ ертеден-ақ байлар мен ақсүйектер алтын, күміс, піл сүйегі, нефрит секілді қымбат материалдардан істетті. Сондай-ақ таяқшалардың үстіне бояумен немесе қашаумен суреттер салады, жазулар жазады.

Этикет және қызықты фактілер

Әр мәдениеттегідей азиялықтардың да ас ішерде таяқшалармен қолдану кезінде тәртіптері мен этикеті болады. Мысалы, таяқшалармен үстелдің үстін соғуға, олармен ойнауға, біреуге нұқып көрсетуге болмайды. Таяқшаларды қолдануда этиктет пен ережелер өте көп.

Қытайдың империялық кезеңдерінде күміс таяқшалар тамақтың ішінде удың бар жоғын тексерді. Себебі, ежелгі қытайлықтар күміс удың химиялық әсерінен түсін қара түске өзгертеді деп сенді. Бірақ бұл түсінік жалған. Себебі, күміс сарымсақ, пияз және жұмыртқаның әсерінен түсін өзгерте алады.