«Наурызға арнап сурет сал»
блог
Ақтау қаласындағы тергеу изоляторы қызметкерлерінің балалары арасында 22 - наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай «Наурызға арнап сурет сал» атты байқау ұйымдастырылды.
Байқаудың ашылуы Тергеу изоляторы бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Аглепесович Сузақбаевтың сөзімен бастау алды.
Балалар байқауға арнап салған суреттерін комиссия мүшелеріне қысқаша баяндады.
Әрі қарай комиссия мүшелері балалардың салған суреттеріне қарай өз бағаларын берді.
3 – 7 жас арасында 2 – балаға 1-ші және 2-ші орын бұйырды;
Ал 8-10 жас арасында 2 – балаға 1-ші және 2-ші орын бұйырды.
Мекеме қызметкерлері байқауға қатысқан бүлдіршіндердің көңіл күйін көтеру мақсатында өздерінің дайындаған сыйлықтарын мен марапаттарын әділет подполковнигі Есбулат Сузақбаев табыстады.
Іс-шара соңында әділет подполковнигі Есбулат Сузакбаев бұл байқауды ұйымдастырудың негізгі мақсаты бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта міндетті түрде жалғасын табатын айтты.