Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтары

Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтары
жеке
блог

Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрінің сабақтастығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар» деп, айтқан болатын.Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз дәстүрлі исламмен әдет-ғұрыптарымызды осы күнге дейін сабақтастырып, мәдениетіміз бен құндылықтарымызды жалғастырып келді. Дәстүр (латынша, trаdіtiо-жалғастыру) – тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, рәсімдер және т.б.

Экстремизм мен терроризм түрлерінің соңғы ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде оларға қарсы тұрудың тиімді әдістерінің бірі – қазақтардың салт-дәстүрін жандандырып, дәстүрлі исламды дәріптеу болып табылады. Олай болса, теріс идеялардың таралмау жолдарының бір әдісі ол – сан ғысырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлі исламның деңгейін көтеру болып саналады. Адам қажеттілігін өтейтін барлық құндылықтар – материалдық, әлеуметтік және рухани құндылықтар – дәстүрді құрайды.

“Салт-дәстүр – тіл мен мәдениет бастауларының анасы” деген. XVIII ғасырдағы неміс ағартушысы И.Г. Гердер оның жазба мәдениет пен азаматтық қоғам қалыптасқанға дейінгі уақыттағы мәдениетті тасымалдаушы маңызын бағалап отыр. Сол сияқты, «халықтық наным-сенімдер халықтың шынайы діни өмірінің көрінісі болып табылады. Егер ұлттардың тарихы мәдениет қатпарларынан тұратын болса, дін қашан да сол мәдениеттің негізгі элементі болған» делінген. Қазақтың ұлттық: имандылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық, дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлық рәсімдері ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып табылады. Әлихан Бөкейханов дін мен дәстүрді «Қазақ халқының руханият тарихында діннен кейінгі күшті құралы салты мен дәстүрі»

Кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасын беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады. Үлкен Кеңестік энциклопедияда: «Әдет-ғұрып – ислам діні тараған елдер арасындағы халықтық дәстүрлі құқығы»,- делінген. Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Олай болатыны, ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – ислам. Әсіресе, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-нің сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті төрінен орын алды. Десек те, байырғыдан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бәрі бірдей ислам шариғатымен ұштасты деуге артық айтқандық болар. Олардың ішінде тәңірлік сенім-нанымнан жетіп осы уақытқа дейін өз қасиетін жоғалтпағандары да баршылық. Оларды исламмен үндестіру әлі күнге қиын мәселенің бірі. Себебі, бұлар байырғы діни көзқарастардан туындаған әдет-ғұрыптар, ислам шеңберіне сыймайтыны тағы бар. Бірақ бұл шағын мақалада ислам шариғаты мен қазақ салт-дәстүрлерінің қарама-қайшылықтарын емес, олардағы үндестікті сабақтастыруға әбден болады. Ата-бабамыздан мұра болып жеткен бұл дәстүрлер мен ғұрыптардың көбі ислами қайнардан алынғанын айтып кету де артық болмас.

Ержан қажы Малғажыұлы бас мүфти болган уакытта «Дін мен дәстүр» такырыбының өзектiлiгi артып, «Дін мен дәстүр» атты екі томдық еңбек жарык көрді. Екінші том да «Балалық шақ» деп аталған бiрiншi тарауда: азан шақырып ат кою, ат кою мәдениеті: мұсылманша есімдер мен тыйымдар, акиқа, калжа, тахник жасау және баланын аузына түкіру, қырқынан шыгару (баланын шашын алу), емiзу мәселесі, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, «Бала тәрбиесі» деп аталған екiншi тарауда: жас ерекшелiгi, сүндет той, бәсіре, бата сұрау, Ұлттык ойындар, имандылык тарбие, медресе, әлiптi таяк деп білу, құран үйрену, сауат ашу, шежіре тарқату, жеті ата, казак жүздерi мен ру лары, түрік шежiресi, еңбекке баулу, «Жiгiттiк шақ» деп аталған үшiншi тарау: жігіттік шақ сегіз қырлылықтың бiрi дiни бiлiм, жiгiт сыны, нəпсіге ие болу; «Отбасы салттары»деп аталган төртінші тарауда: айттыру, сврға салу (хитба), құдалық, той, қалыңмал, мəһір мен қалыңмалдың айырмашылығы, жеті ата сақтау дәстүрі, қыз жасауы, беташар, уакыт пен денсаулық қадірі, талақ, әмеңгерлік; «Дінге қатысты салттар» атты бесiншi тарауда: намаз, ораза, зекет, кажылық; «Адамның дүниеден өтуiне қатысты салттар» деп аталған алтыншы тарауда: жыртыс, құранды хатым ету, қабір зияраты, ас, садақа беру жоралғылары талданған.

Абай Құнанбайұлы он тоғызыншы қара сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниені жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады»

Е. Малғажыұлы казақ халкына тән дін мен дәстүр туралы былай дейді: «Иә, бiздiн салт-дәстүрiмiз тәрбие мен тағылымға, ізгілік пен адамгершілік құнды лықтарға тұнып тұр. Халқымыздын күнделікті тұрмысында әдетке айналып кеткен әдет ғұрыптардын астарына үңілсек, шариғаттың бір талабы тұрганын байқаймыз. Сәби дүние есігін ашқнда, құлағына азан шакырып ат кою, ақиқа Құрбандығын шалып, келiнге қалжа жегiзу, баланы қарқынан шығару, шілдехана бесік той жасау, тұсау кесу, сүндет той, атқа мінгізу, тоқымқағар, тілашар т.б. жоралғылар исламда бар рәсімдер немесе асыл дiнiмiз құптаған игі амалдар».

Дәстүрімізді дәріптейтін және де дәстүрімізді жаңғыртудың тиімді жолы болашақ ұрпақтарға жүйелі ұлттық тәрбие беру.Бала күнінен ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңдіру,ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен мұрасын сақтау керектігін түсіндіру.Ол ұлттық мұраларымыз тәрбиеден басталады,яғни адам бойына адамгершілік,адалдық қасиеттерін дарыта білу қажет.Үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге ізет көрсетіп кішіпейіл болуды ұлт тәрбиесі ісінде ұғындыра білу керек.Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістіктерге жету қиын.Ғалым М.Арын «Сәби шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, дара фәниден, дара бақиға аттанғанға дейін адам баласы, пайғамбар айтқандай, өмірдің тәрбиесінен өтеді. Өмірдің тәрбиесі яғни ол – дәстүрлер. Жақсы дәстүрлер көп ретте тәрбиелік ережелер түрінде болады,яғни «тәрбие тал бесіктен» демекші сәби күнінен жақсы қасиетерді бойына сіңіріп дінге сәйкес дәстүрлерімізден өтіп,рухани тәрбиеленеді.Имам Ағзам Абу Ханифа «тәрбие тұлғаны тәрбиелейтін немесе бұзатын қасиетті білдіреді» - деген тұжырымға келген. Сонымен қатар құранды тәпсірлеуші ғалым Бәйзауи: «Тәрбие-қабілетті дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» – деп түсіндірген.

Мұсылмандар қауымы сәлем бергенде «Ассалаумағалайкум» десе, оган «Уағалайкум ассалам» деп жауап береді. «Үлкеннiн сөзін бөлме, алдын кесiп өтпе» деп жасынан құлағына құя береді. Міне, сол ескертулер бойға сiңіп, әдетке айналады.Үлкеннен қарғыс алма,алғыс ал демекші үлкендерге әрқашан құрмет көрсетіп, ақ батасын алып жүруді ата-бабаларымыз жастайынан үйретіп өткен. Және де сәлем беруде «Алланың нұры жаусын» деп тілек білдіруін де көреміз.

егінде бата беріп, ақ тілеу айтып, алғыс білдіру ежелгi ата-бабалар дәуiрiнен келе жаткан түркі халықтарынын ескілікті дәстүрi екенi ақиқат.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Жолдықара Мадина

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушы,PhD Мұқан Нұрзат