Салт-дәстүр және ұлтты сақтау

Қазіргі таңда елімізде радикал және бұрыс ағымдар кеңінен жайлап алды. Бұл ағымдардың түп мақсаты жас мемлекеттерді өздеріне экономикалық, мәдени, саяси бағындыру болып табылады. Әрине дұрыс және бұрыс ағымды анықтау оңайға соқпайды. Бірақ бұл мәселеде біз барынша сақ болуымыз тиіс. Бүгінгі тақырыпта біз осы туралы сөйлесеміз.

          Енді біз ел, қоғам болғаннан кейін түрлі жағдайлар болады. Ет жақын адамдарымыз кейде бұрыс дінмен кетіп жатады. Сонда бұрыс дінді анықтап, жақындарымызды қорғай алады екенбіз. Осы туралы Шәкәрім атамыздың өлеңінде жақсы айтылған:

“Таза ақылмен таппаған дін,

Шын дін емес — жындылық.

Қармалаған бір соқырсың,

Өлген ой мен көз, құлақ” (Ш. Құдайбердіұлы)

Сонда ең бірінші бізге керегі ақыл екен. Ақыл роботта да бар, итте де бар. Бірақ Шәкәрім ата айтып отырған ақыл ол мүлде бөлек. Оны біз кішкентай кезден дамытамыз және сол арқылы өзімізге жақсы құндылықтар жинаймыз.

            Қазіргі бұрыс ағымдардың ерекше жерлері бар. Ол ағымдар киелі кітаптар болсын немесе діни кітаптар болсын ой жүгіртіп ойланбайды. Қалай бар солай қабылдай береді. Адамға ақыл не үшін берілді? Әрине жаман мен жақсыны айыру үшін. Ойланып дұрыс шешімдер қабылдай алу үшін. Жаман мен жақсыны айыра білмеген адам не надан адам, болмаса дінді өзіне бұрмалайтын адам болып келеді.

Біздің елдегі осы проблеманы шешу үшін жас ұрпақтарға ойлана алатын қабілет беру керек. Балаларға жаман мен жақсы айырып, ойлану қабілетін арттыру үшін ертегі мен аңыздарды көптеп оқыту керек. Себебі ертегілер мен аңыздар символды түрде мән-мағына береді. Олай болмаған жағдай біз роботтанған, ойлана білмейтін, жат ағымға жеңіл құрал болатын санасыз ұрпақтарға ие боламыз.

Егер бізде ұлттық идентификация болмаса арабтанған немесе Еуропаға еліктейтін бөтен адамдарды туғызамыз. Ол қазір де бар. Дінге бет бұрғындар арабтанады, технологиялық ғылым-білімді қуғандар батысшыл болады. Сонда қазақ ұлты кімге керек? Тек өзімізге керекпіз. Ал ұлттық идентификацияны біз төл мәдениеттен, салт-дәстүрден ғана ала аламыз.

__________________________________________________________________________________

Адаев Өркен  – магистрант

Есмұрат Еркебұлан – магистрант

Жанатаев Данат Жанатаевич – доцент, жетекші



Бөлісу: