Әңгімені неден бастасам екен? Бұл сайтқа бүгін тіркеліп отырмын. Мassaget.kz сайтын бұрыннан білетінмін. Әсіресе Әдебиет бөлімін түк қалдырмай оқып жүремін. Жақсыны көрмекке деген. Әрбір жылт еткен сәулеге қуанып отырамын. Анда-санда блогтарды да бір сүзіп өтем. Кеше ойланып отырып, сіздерге де мен сияқты бір "әдеби блогер" керек шығар деп түйдім. Мен Әдебиетті жақсы көремін... Бұным аты-жөнімнен де көрініп тұрған шығар. Менің шынайы аты-жөнім маңызды емес, тіпті қажет те емес. Мені дәл осы күйімде қабылдауларыңызды сұраймын... Әдебиетті, өлеңді, шынайы өнерді жақсы көретіндер болса, мархабат! Бірге болайық!
Бұл - алғашқы блогым ғой. Әлі жаза жатармыз...