САЛЕМ САЛУ, ОРАМАЛ, АЛЫП ҚАШУ- "ТЕХАСТАН" ШЫҚҚАН БА?!
блог
ҚАЗАҚ ЕЖЕЛДЕН АТА БАБАСЫНАН КЕЛЕ ЖАТҚАН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН ҰСТАНАТЫН ХАЛЫҚ. ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕРІ, ЫРЫМ-ТЫЙЫМДАРЫ МЕН ҒҰРЫПТАРЫ ҚАШАНДА БІРІНШІ БОЛҒАН. ТОЙ-МЕЙРАМДАР, МЕРЕКЕЛЕРДЕН БӨЛЕК , ҚАРАЛЫ КҮНДЕРДЕ ДЕ ӨЗІНЕ САЙ САЛТ-ҒҰРЫПТАРЫН БІРІН ҚАЛДЫРМАЙ ОРЫНДАП ШЫҒАДЫ. ӘСІРЕСЕ, ӨЗІМ ТУЫП ӨСКЕН ОҢТҮСТІК ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫ БҰЛ ЖАҒЫНАН ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА АТЫШУЛЫ АЙМАҚ. МҰНЫ МЕН ОСЫДАН 4 ЖЫЛ АЛДЫН АЛЫП ШАhАРҒА ОҚУҒА ТҮСУГЕ КЕЛІП,АТА-АНАМНАН ЖЫРАҚТАҒАНДА ОСЫ ЖАҚТЫҢ АДАМДАРЫНАН ЕСІТІП БІЛДІМ! ЖАЙ ЕСТІГЕН ЖОҚПЫН, ҮЛКЕН ҮРЕЙМЕН АЙТЫЛҒАН ӘҢГІМЕДЕН ЕСТІДІМ. ӨЗГЕ ЖАҚТЫҢ АДАМДАРЫ ҚОРҚУ БЫЛАЙ ТҰРСЫН,ЖАНДАРЫ ҚАЛМАЙДЫ. БІРІНШІ СӨЗДЕРІ -"МӘӘӘ,СЕНДЕР СӘЛЕМ САЛАСЫНДАР ҒОЙ, ТАҢ АТПАЙ ЖАТЫП КЕЛІНГЕ ЕСІКТІҢ АЛДЫН СЫПЫРТЫП ҚОЯСЫНДАР ҒОЙ, АЛЫП ҚАШАДЫ СЕНДЕРДЕ "МАЛ" СИЯҚТЫ,ОРАМАЛ ТАҒАДЫ, ҚЫЗ ЕМЕС КҮҢ СИЯҚТЫ ҚАРАЙСЫНДАР ҒОЙ" ДЕГЕНІ..... МҰНЫ ЕСІТІП ӨЗІМ ОЙЛАНЫП.17 ЖЫЛ АУЫЛДА ӨТКЕН КҮНІМДІ ЕСІМЕ АЛДЫМ...РАСЫНДА БҰЛ СОЛАЙ МА? БҰЛАРДЫҢ БӘРІН СОНДА ОҢТҮСТІК ХАЛҚЫ ОЙДАН ШЫҒАРЫП АЛҒАН БА?!
ЖОООООҚ, ОЛАЙ ЕМЕС ЕКЕН! "ӘР ЕЛДІҢ САЛТЫ БАСҚА" ДЕГЕН СӨЗ БАР ЕМЕС ПЕ?! КӨШЕДЕН, ОРТА ЖОЛДАН ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН,ӘСІРЕСЕ "ТЕХАСТАН" ШЫҚҚАН ДҮНИЕ ЕМЕС ҚОЙ БҰЛ. МЕНІ ӨЗ ЖЕРІН ЖАҚТАП ЖАТЫР ДЕП ТЕ ОЙЛАРСЫЗДАР, АСЫЛЫНДА БҰЛ САЛТТАР,ҒҰРЫПТАР БАРЛЫҚ АЙМАҚТА БАР. ТЕК КІШКЕНЕ ЕРЕКШЕЛІК, ӨЗГЕШІЛІКТЕРІМЕН.МЕЙЛІ, ЖАҚТАҒАН-АҚ БОЛАЙЫН! БІРАҚ ОСЫЛАЙ ОЙЛАЙТЫН ЖАНДАРҒА ОҢТҮСТІКТІҢ ҚЫЗЫ РЕТІНДЕ ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗЫП ӨТУДІ ЖӨН КӨРДІМ!
БІРІНШІДЕН, АЛЫП ҚАШУ ДӘСТҮРІ БАРЛЫҚ АЙМАҚТА БАР. ӨЗ БАСЫМ ҚАРСЫМЫН,ЕГЕР ТАНЫМАЙТЫН БӨТЕН АДАМ АЛЫП ҚАШСА. БІРАҚ АЛЫП ҚАШУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ЖЕҢГЕЙЛЕРІМІЗ БҮГІНДЕ БАҚЫТТЫ ӨМІР СҮРІП ЖАТҚАНЫН КӨРІП ЖҮРМІЗ ҒОЙ???? БҰДАН БӨЛЕК БҰЛ ЖОЛДЫ ЕКІ ЖАС КЕЙДЕ ӨЗДЕРІ ТАҢДАП ТА ЖАТАДЫ. ҚЫЗДЫҢ АТА-АНАСЫ ҚАРСЫ БОЛҒАНДА ҚЫЗ ӨЗ ЕРКІМЕН КЕЛІСІП "АЛЫП ҚАШУ ОПЕРАЦИЯСЫН" БІРЛЕСЕ ОРЫНДАП ЖАТАДЫ. СОСЫН ТАҒЫ МЫНЫДАЙ ТҮСІНІК БАР, ЕРІКСІЗ АЛЫП ҚАШҚАНДА ҚЫЗДЫ КӨНДІРУ МАҚСАТЫНДА ЕСІК АЛДЫНА ҮЙДІҢ ӘЖЕСІ ЖАТЫП АЛЫП-"МЕНЕН АТТАП ӨТСЕҢ ,МӘҢГІ БАҚЫТСЫЗ БОЛАСЫН" ДЕП АЙТАДЫ ДЕГЕН ҚАТЫП ҚАЛҒАН ҚАТЕ ОЙ БАР. ШЫНЫНА КЕЛГЕНДЕ, БҰЛ БЫЛАЙ. РАС, ЕРІКСІЗ ӘКЕЛДІ. КӨНДІРУ КЕРЕК-АҚ,СОЛ МАҚСАТТА ӘЖЕЛЕР БАРЫН САЛЫП ТҮСІНДІРЕДІ ЖАМАН ЖЕРГЕ КЕЛІН БОЛМАЙТЫНДЫҒЫН. ОЙЛАНЫЗШЫ, КІМ ЖАМАНДЫҚ ТІЛЕП ЖАСАЙДЫ ДЕЙСІЗ?! КЕЛІН ӘКЕЛЕМІЗ ДЕП ЕЛ-ЖҰРТ, КӨРШІ -ҚОЛАҢҒА АЙТЫП, ШАҚЫРМАЙ МА?! КЕЛІНІ КЕТІП ҚАЛЫПТЫ ДЕГЕН ЕШКІМГЕ ЖАҚСЫ АТАҚ ӘКЕЛМЕСІ АЙДАН АНЫҚ. СОЛ СЕБЕПТІ "БІЗДІ МАСҚАРА ЕТЕ КӨРМЕ" ДЕП АПАМ БАЙҚҰС ҮЛКЕН БАСЫМЕН ҚЫЗДЫҢ АЛДЫНА КЕЛГЕНІ ҒОЙ ОЛ,,,,,,
ЕКІНШІ, ТАҢ АЗАНЫМЕН ЕСІК АЛДЫН СЫПЫРТЫП ҚОЯДЫ ДЕГЕНГЕ ТОҚТАСАҚ. ОҢТҮСТІККЕ КЕЛІН БОЛАМ-АУ ДЕГЕН ҚЫЗДАРҒА АЛТЫН СЫРҒА- БІЗ ЖАҚТА ЕШҚАШАН ЖАҢА ТҮСКЕН КЕЛІНГЕ "СЕН МЫНАНЫ ЖАСА, БЫЛАЙ ЕТ " ДЕМЕЙДІ. АҚЫЛДЫ АНАЛАРЫМЫЗ ҚАШАНДА ҚЫЗДЫҢ ҰЯТЫНА БЕРГЕН,ТІПТІ "ҚАЖЕТ ЕМЕС , ОТЫРА БЕР" ДЕГЕН ЖАУАП АЛАРЫНЫЗҒА КЕПІЛДІК БЕРЕ АЛАМ. ТАҢ АЗАНЫМЕН ЕСІК СЫПЫРУ МЫНАДАН ШЫҚҚАН- КЕЛІН АЛҒАШ ТҮСКЕННЕН КЕЙІН ТАҢДА ЕҢ БІРІНШІ ЕШКІМ ОЯТПАЙ-АҚ ТҰРЫП АЛАРЫ АНЫҚ, СЕБЕБІ "БІРЕУДІҢ" ҮЙІНДЕ АЛАҢСЫЗ жатып алу СІЗДІҢШЕ ОҢАЙ МА?!! ЖО-ЖОҚ, ӘСІРЕСЕ КЕЛІН БОП КЕЛГЕНДЕ. СОДАН КЕЛІН ҮЙ ІШІ ОЯНҒАНША ЖАТА АЛМАЙ НЕ ЕТЕРІН БІЛМЕЙ ЖҮРЕДІ. ОДАН ҚАЛА БЕОДІ, ЖАҢАДАН КЕЛІНДІ БОЛҒАН ЕНЕ ДЕ ЖҰМСАЙ АЛМАЙДЫ. "МАМА МЕН ІСТЕЙІН" ДЕГЕНІНЕ "ІШТЕЙТІН ЕШТЕҢЕ ЖОҚ,КЕЛІН ДЕМАЛА БЕР "ДЕЙДІ, ЖӘ, ҚОЙМАСА "ЖАРАЙДЫ, ЕСІК АЛДЫН СЫПЫРА САЛ "ДЕГЕН ЖАУАП АЛАДЫ. БҰЛ СОДАН ШЫҚҚАН. БҰЛ МЕНІҢ ЖЕҢГЕЛЕРІМНІҢ БАСЫНАН ӨТКЕН,ТІПТІ ӨЗІМ КУӘГЕРМІН. ҚЫЗЫНДАЙ ЕМЕС КҮҢІНДЕЙ ҚАРАЙДЫ ДЕГЕН ӨТЕ ҚАТЕ ПІКІР. ӨЗ БАСЫМ, ЖЕҢГЕЛІ БОЛҒАНША ҮЙДІҢ ШАРУАСЫН ӨЗІМ ЖАСАДЫМ. АЛ ҚОНАҚ КҮТУДІ ТІПТІ БІЛМЕЙДІ ЕКЕМ,ҰЯТ ӘРИНЕ БІРАҚ ОНДАЙДА ӘРҚАШАН ӘУЛЕТІМІЗДІҢ ЖЕҢГЕЛЕРІ КЕЛІП,КЕРІСІНШЕ БІЗГЕ,ҮЙДІҢ ҚЫЗДАРЫНА ҚЫЗМЕТ ЖАСАЙТЫН. НЕГЕН?! СЕБЕБІ БІЗ БҮГІН БОЛМАСА ЕРТЕҢ,ТҮБІ БІР ЖАТ ЕЛГЕ КЕТІП СОЛ ЖЕҢГЕЛЕРІМІЗДЕЙ БОЛАМЫЗ.ҚАЛАЙ ЖЕҢГЕЛІ БОЛДЫМ, ӨЗ ҮЙІМДЕГІ ҚАРАПАЙЫМ ШАРУАҒА БЕЙІМІМ ҚАШТЫ, ҚАЗІР БҰРЫН ЖАСАҒАН ШАРУАЛАРЫМДЫ ЖАСАЙ АЛМАЙМЫН. ЖЕҢГЕМ МЕНІ ЖҰМСАП ТА КӨРМЕПТІ, БҰЛ КҮҢ САНАП БӘРІН КЕЛІН ЖАСАУ КЕРЕК ДЕГЕН ОЙ ЕМЕС. ҚЫЗ-ЖАТ ЖҰРТТЫҚ, СОЛ СЕБЕПТІ ҚЫЗ КЕЗІНДЕ БАРЫНША СЫЙЛАЙЫҚ ДЕГЕН НИЕТПЕН ЖЕҢГЕМ ЕШТЕНЕ ЖАСАТПАЙДЫ , МЕН КӨМЕКТЕСЕ КЕТСЕМ,""ЕРКЕҚЫЗ, ӨЗІМ ЖАСАЙМЫН, ӘЛІ СЕН ҮЛГЕРЕСІН БҰЛАРДЫ ЖАСАУҒА" ДЕЙДІ. МІНЕ,ҚАНДАЙ ТӘРБИЕ. АСТАРЫ БАР,ТАРИХҚА КӨЗ САЛСАҚ ТА, ТІПТІ ҚЫЗ ЖІБЕК КИНОСЫН КӨРСЕК ТЕ, ЖІБЕКТІҢ ЖЕҢГЕЛЕРІ ҚЫЗМЕТ ЖАСАП,ҚЫЗ-ҚЫРҚЫН ЖАҒЫ ГҮЛ ТЕРІП ЖҮРМЕЙ МЕ?! ОЙДАН АЛҒАН ДҮНИЕ ЕМЕСІНЕ ДӘЛЕЛ////
СӘЛЕМ САЛУ... СӘЛЕМДІ ИІЛУ,БҮГІЛУ ДЕП ЕМЕС ҚАРАПАЙЫМ АМАНДАСУ ДЕП БІЛГЕН ДҰРЫС. АТА-АНАҢА ДЕГЕН СЫЙ- ҚҰРМЕТІҢ ҒОЙ?! ЖАРЫҢНАН ҮЛКЕН АДАМНЫҢ БӘРІНЕ СӘЛЕМ САЛУ КЕРЕК ,ОНЫҢ ЕШ СӨКЕТТІГІ НЕ НАМЫС ТҮСЕР ДЫМЫ ДА ЖОҚ. ҚАЙТА ҚАНША АЛҒЫС АЛАСЫЗ... МЕНІҢ АНАМ 50ДЕН АСҚАН, АЛАЙДА ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН ӘКЕМНІҢ АҒАЛАРЫН АЛДЫН КЕСІП ҚОЛ АЛЫСыП,БЕТ ЖАЛАСЫП ШӨЛПІЛДЕТІП СҮЙІСПеГЕН, БІР ИІЛІП САЛҒАН СӘЛЕМІ АРТЫП ЖАТЫР. ШАРИҒАТТЫҢ ӨЗІНДЕ "КҮЙЕУ БОЛУ МҮМКІНДІГІ БАР АДАМ ЖАҚЫНДАМАУ КЕРЕК "ДЕГЕН ЕМЕС ПЕ?! ОНДА НЕГЕ БІЗ БҰДАН ҚАШАМЫЗ?! БҰЛ ДА ШЫМКЕНТТІҢ ШЫМҚЫРЫҒЫ ЕМЕС, ТАҒЫ БІР ДӘЛЕЛ///
ОРАМАЛ ЖАЙЫНДА ТОҚТАЛСАҚ, БӘРІНЕ БЕЛГІЛІ ОРАМАЛ-ТАЗАЛЫҚ ҮШІН ЕҢ БІРІНШІ. ОДАН КЕЙІН БАРЫП шаншардағы УӘЛИ АҒАМ АЙТҚАНДАЙ "МЕН БОС ЕМЕСПІН " ДЕГЕН БЕЛГІ//// РАСЫНДА, ОЙЛАП ҚАРАСАМ, ҮйІДЕ МЕН,ЖЕҢГЕМ ОТЫРСАқ, КЕЛГЕН БӨТЕН АДАМ КІМНІҢ БҰЛ ҮЙДІҢ ҚЫЗЫ,КІМНІҢ КЕЛІНІ ЕКЕНІН АЖЫРАТА АЛМАсЫ АНЫҚ, ЕГЕР ЖЕҢГЕМ ОРАМАЛЫН ШЕШСЕ. КЕЛІННІҢ КЕЛІН ЕКЕНІН БІЛДІРЕТІН БІРДЕН БІР БЕЛГІСІ, ӘДЕМІ АКСЕССУАРЫ ЕМЕС ПЕ?!////
ЖАЛПЫ АЙТҚАНДА, ҚЫЗДАР МҰНДАЙ ҚАТЕ ПІКІРМЕН ШАТАСПАҢДАР. ШЫМКЕНТТЕ БӘРІ МҮМКІН. ШАЛБАР ДА КИЕСІЗДЕР,БОЯНАСЫЗДАР ДА, ОРАМАЛ ДА ШЕШЕСІЗДЕР. БІР ҮЙДІҢ БЕТКЕ ҰСТАР КЕЛІНІ ДЕ БОЛАСЫЗДАР. ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҒОЙ,САЙЫП КЕЛГЕНДЕ//// БАҚЫТТЫ БОЛЫҢДАР!!!!!!!!!!!