Сәлем, Массагеттіктер!

Сәлем, блог сүйер қауым! Масагеттегі алғашқы блогым болғандықтан не жайлы сөз қозғарымды білмей,әрі ойландым, бері оландым. Содан бір істі бастамас бұрын өзімді таныстыруды жөн көрдім. Мақсатым-айқын, арманым-асқақ! Болашақта биліктің сөзін емес,халықтың сөзін сөйлер журналист болғысы келетін Құлпынай есімді қыздарыңызбын! Қазіргі таңда студентпін, өзім сүйетін мамандық  бойынша оқып жатырмын. Екінші курстың бел ортасына жақындап та қалдық-ау) Ән айтам, өлең жазамын, өлең оқимын! Ең бастысы-Сырда туылған, АҚҰДАЙМЫН! Алдағы уақытта әртүрлі тақырыптағы блогтарыммен таныс боласыздар, күтіңіздер!



Бөлісу: