Сәлем Массагет!

Сәлем Массагет ауылының кең пейілді,жаны жайсаң тұрғындары!Сіздердің ой бөлісіп,жаңалық жарыстырып,сыр бөлісетіндіктеріңіз өте-өте қатты ұнайды.Және де бұл жерде қазақилықтың иісі аңқып тұрады.Негізі мен сіздердің ауылдарыңызға қонақ болып жүргеніме бірталааай болды,бірақ тұрғылықты тұрғыны бола алмай жүүрдім.Бастапқыда Анар әпке арқылы осы сайтқа тіркеліп,кейіннен кілт сөзді ұмытып қалып,оны қайта қалпына келтіртіп,Анар әпкені біраз әуреге салған жайым бар.Сондықтанда Анар әпкеге үлкееен рахмет Негізі Массагат ауылының бірнеше тұрғындарымен танысып(mail.ru арқылы),дос болыпта үлгердік.Яғни Әйгерім,Жансая,Гүлфайруз әпке,Жанар,Сара,Данагүл т.б.Маған бірде Жансаяның ұрысып:"Қашанғы сығалап жүре бересің,бір жазба жазып,Массагеттіктермен таныспайсың ба?"-,дегені бар. Жансаяғада үлкен рахмет,себебі мен соның үндеуінің нәтижесіндеде жазба жазғым келді.

Енді өзім жайлы айтсам шырайлы Шымкент қаласыннанмын,әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті атанып,студенттік өмірдің қызықты да керемет уақытын бастан өткерудеміз.Аллаға шүкіршілік етемін,осындай жетістікке жеткізіп,арманымның бірі орындалғанына!Бұл жетісттіктерімнің бастауы деп сенемін!Алда бізді жарқын болашақ күтіп тұр деп сеніммен айта аламын! Ал,Массагетке шығармашылық табыс,биік белестерден көріне берсін деген тілегім бар!Қазақ сайттарының ішіндегі ең қазақиы бұл-МАССАГЕТ!Мен сені жақсы көремін.

ПыСы:Кеткен қателіктер мен кемшіліктер үшін алдын-ала кешірім өтінемін.Алғашқы жазбам болғандықтан аздап қобалжулымын)))



Бөлісу: