Сәлем, Массагет!

Сәлем, Массагет!
жеке
блог

Сәлем, Массагет!

Менің тіркелгеніме біраз уақыт болды, бірақ қолым бос болмағандықтан сайтқа кіруге уақытым болмай жүрді. Бүгін мен Massaget.kz сайттың әрiптестерімді көріп (шындығын айтсам, күніге көрем), алдыма мақсат қойдым! "Мен бүгін өзім жайлы алғашқы блогымды жазбасам болмайды деп..."

Өзімді сіздерге бір таңыстырайын.

Мен, Жугунисова Диана, Тараз қаласында 1991 жылы анам осы дүниеге әкелді. Бала кезімде бір орында тыныш, үн шығармай, жыламай өстің дейді туыстарым. Ата-әжемнің қолыңда тәрбиелендім. Отбасымда жалғыз қыз боп өстім. 5-6 жасар кезімде көшеге шығып қыздармен қуыршақ ойнаудын орнына, мені нағашы ағаларым үйді жинатқызып, ыдыс-аяқтарды жуғызатын. Ал, өздері рақаттанып, карта немесе шахмат ойнайтын... 

Мектепті жақсы бағамен Алматы қаласында бітірдім. Әр жыл сайын қазақ, ағылшын, орыс тілдерінен, география және басқа сабақтарынан олимпиадаларға қатысып, белсендi оқушы болғам. Мектеп кезінде биге, спорт жағынан таэквондоға қатысып жүрдім, кейін анамның каржы жағдайына қарап, бұл әуес болуларды тастадым.

2009 жылы Д.А. Қонаев атындағы Университетіндегі "Халықаралық құқық" факультетіне түстім. 3 курстың аяғында мен "ТҰРАН" Университетінің сыртқы бөліміне ауыстым. Қазір мен еліміздегі ең керемет, беделді Tengrinews.kz сайтында координатор позициясында жұмыс істеп жүрмін. Жұмысым өзіме ұнайды, әріптестеріммен жақсы қарым-қатынастамын. 

Осы блогта бәрін жазғым келеді, бірақ кейінге қалдырамын...

Жазған блогым қысқа, ренжімеңіздер!