Мен дәл сол Салтанат әпкемнің кеңесі жайлы жазайын девотырғаным жоқ. Жаңадан келген тіркелуші де емеспін. Массагеттің блоггерлеріне өтініш ретінде жазып отырмын. Жуық арады сайтқа көңіл көтерерлік, оптимизм туралы деген сияқты тың дүниелер жазыңыздаршы.
Менде қазіргі уақытта неше түрлі жағдайлар басымнан өтіп жатыр. Өмірден түңіліп кетердей халде жүрмін. Өз-өзімді жоғалтып алмау үшін қызықты нәрселермен көңілімді көтеріп, алданғандай боламын. Бірақ.... өмірімде естен кетпестей бір сұмдық болды. Сірә, мектепте соңғы қоңырау салтанатында "Үлкеен өмірге қадам басасыңдар" дегені осы шығар? Сірә, өмірдің асау толқындарымен бетпе-бет келді деген осы шығар, сірә, жалған өмір деген осы ма екен?! Ата-анамнан жырақта, қанатымен қорғайтын ешкімім болмағанда ғана түсіндім өмірдің мәнін...
Ең алдымен Аллаға, одан кейін өзіңе ғана сенуді;
Адамды бір көргеннен қандай адам екенін тани алу мүмкін емес екенін;
Бірге бір нанды бөлісіп жеген адамың ертең сені оңай-ақ лақтыра салатынын;
Ешқашан артын ойламастан асығыс шешім шығармау керек екенін тағы да мына өмір есіме салып отыр.
Басымдағы не жағдай екені құпия қалсын. Осымен бітті. Оқығаныңызға рақмет!