Сәлем, Массагет

Сәлем, Массагет
жеке
блог

Сәлем, Массагет!

Көптен бері кіріп, бақылап жүргеніммен сайтқа енді блог жазып белсенділік танытып бастайын деп жатырмын. Неге десеңіздер, жаңа оқу жылы басталып, жаңа ақпараттар қызықты деректер оқып жатырмыз.

Өзімді таныстырсам Ақмереймін.

Егер жақсы болмасаң, әттең деймін.

деп арасында өлеңдетіп қоятыным бар.

Өзім Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің студентімін. Өзіңіз байқап отырғаныңыздай, әлі де оқып жатырмын. 

Жағдайым менің осындай. Массагет аулының тұрақты белсенділерімен жақсы араласып кетеміз деген дәмем жоқ емес.  

Жаздым екен, енді құр амандықтан ары аса алмапты демес үшін кеңес сұрай отырайын өздеріңізден, вундеркиндтер. Осы интернетте бір отырсам, тұра алмай қаламын. Осы әдетімнен қанша арылайын десем де, өзіме күшім ақыры жетпеді. Не істесем болады? Алдын ала рахмет!