Сәлем, Массагет!

Мені жоғалтып алмадыңыздар ма? деееп өзінше бовотқан дей ма)))))

Көптен блогқа уақыт бөле алмай кетіп едім. Ара - тұра кіріп, жазылған жазбаларды көзбен бір шолып өтіп қана жүрмін. Шынын айтқанда сағынып кетеді екенсің. :)

Оның үстіне соңғы жазбаларымның бәрі негатив болып кеткен соң, өзімді осы жағынан өзгерткім келеді. 

Махаббаттан көңілі қалып, құлазып кетіпті деп қалмаңыздар. Олай емес. Айналаңда әдемі сезімнің кейіпкерлері жүргенде сенің махаббатқа сенбеуің мүмкін емес. Ерте ме, кеш пе бәрібір бір бақытың бұйыратыны белгілі. 

Жә, айтқым келгені ол емес. Жалпы, блогты жан-жақты жүргізген дұрыс па? жоқ, бір бағытта ғана ізденген дұрыс па? - деген сұрақ мазалап жүр. Бір бағытта ғана жазсам, оқырманды жалықтырып аламын ба деп ойлаймын. Бәлкім, жан-жақты тақырыптарды қозғаған дұрыс шығар? Кәәм бір актуалды мәселе көтереді деп ойлап қалмаң, жәй пікірлеріңді білгім келеді)

Ойларыңыз мен үшін маңызды )))



Бөлісу: