Сәлем хат ©Жандос Фазыл

Сәлем хат ©Жандос Фазыл
жеке
блог

Күнтізбе санап сені тосудамын

Жабығып шабыт пенен жосудамын

Ақпарақ, қалам және өлең жырға

Арнап сенің есіміңді қосудамын

 

Апталап, ай өткенін білмегенім

Сағынбай хат жазбасам – сүймегенім

Егерде тағдыр бізді мәңгі қосса

Көгершіндер көкке ұшып, күйге енгенім

 

Бел асып,тау бөктерге алсам жолдау

Жол жүріп, көкжиекке барсам сонау

Көзіңнің қарашығын көлдей сақтап

Махаббаттың қуыршағы – сезім тонау

 

Сүйгенім мені сонша, баурадың ба?

Әлде құр, ажарыңмен жауладың ба?

Сәлемнен бастап көбі жазса хатты

Сағыныштық ырғақпен ауладым ба?!

 

Сәлем күнім, сәуле шашқан сәлем хат

Бізге бөгде айналамыз – әлем жат

Ақша бұлттар, сырласқалы екеуміз

Ойым өзге, аспанменен айтар дат

 

Түңгі лебтің жазғы мезгіл шағында

Аңсап сені, бағынышты сағымға

Кезіп жүрмін ықыластық ниетпен

Байтұрсынов Ахметтің бағында

 

Сұлу бейнең алғандай жанды тербеп

Соңғы шумақ қашанда, алар кермеп

Махаббаттың мөлдір тұңған ақ тамшысын
Өкінішті, жаза алмадым сөзбен емдеп