Сәлем айтпа, "сәлем" де...

Сәлем айтпа, "сәлем" де...
жеке
блог

Сәлем айтпа, "сәлем" де...

 

Ақ сезімнің шешімін заңды қиып,

Маған ғана шырқайтын әнді үйіп

Мен есікті ашайын ар жағынан 

Кіріп келгін "сәлем" деп сәл жымиып.

 

Наз ұққанда бүкіл жер, әлем менен, 

Үміттерім үн қатад әлі өлмеген.

Телефонды алайын ар жағынан 

Дауысыңды естиін "сәлем" деген.

 

Сен жайлы көп жазсам да сыр толтырып,

Жүрген жоқ бірақ мені сыр қор қылып.

Кетіп бара жатайын дәл алдымнан

"Сәлем" деп шық жүзіңе нұр толтырып.

 

Ала  алмаған бар менің түнде кегім,

Жайымды ұғар сен түгіл гүл де менің 

Тереземді ашқанда көріп қалсам,

"Сәлеміңді" айт-дағы, үндемегін.

 

Жүрек деген түнектен тас қараңғы 

Қан аралас тоқтаусыз жас тамады.

Келсең, кел, ал келмесең, қажеті жоқ 

Сәлем айтып жіберме басқаларды!..