Сәлем Алматы!

Сәлем Алматы!
жеке
блог

Сәлем массагеттіктер!))  Қалайсыздар?))  

Айтайын дегенім жиналып қалған сияқты, ағымнан жарылайын, басқа амалым жоқ...)

Алматы сағындырады екен, КазГУ-ым, жатақханам, қайтадан қарбалас өмір... 3-курс..!

Бәрін сағыныппын, үш күн бойы көрінген ағашқа иіліп сәлем беретін есек поезымды да...)

 

Қызық... бәрі тез өтіп, тез қайталанып жатқан сияқты.. Бір күні міне, КазГУ-ды бітірдім деп те пост жазып отыратыным анық)

Жатақханашым, қандай керемет едің...)

Негізі айтайын дегенім ол емес...)

Көзді ашып-жұмғанша жаз да өте шықты. Осы жазға өкпем жоқ. Біраз қызық оқиғалардың куәгері болдым.. Жұмысымның әңгімесі өз алдына бір төбе..) Олармен де қимай қоштастым.. Адамдарға үйренісіп қалған соң, кеткің келмейді екен..

Сіңлімнің (жиен ағамның қызы) тұсауын кесу маған бұйырыпты.

Қуаныштымын! Альмира, алтыным, асулардан аса бер, өмірге қадам баса бер! (Қатты жақсы көрем, тфәй-тфәй ендігісі жүгіріп жүрген көрінеді)

 

«Той дегенде қу бас домалайды» демекші, үнемі жаз айы тойлардың көбейетін кезі...Осы жолы да ағаларымның қуанышымен ортақтасып, көңілді кештің қонағы болу маған да бұйырыпты..)) Ағатайларым бақытты болыңыздар!

Туған күнім... Есте қаларлық күн болды... Ризамын бәріне! Жаратқанға сансыз шүкір...

 

Сол күнгі күннің батуын түсіріп алдық :))  Сәлден соң теңіз жағасын тұман басты...

 

Торт туған күнсіз болса да, туған күн тортсыз болмайды :)) 

 

Теңіз... Бір кірсең шыққың келмейтін, жанның рахаты...Каспийдің жағасын да достарыммен біраз шулаттық...)

 

Туған жердің түтіне де ыстық.. Қимай елмен қоштастым, негізі қызық сезім, вроде бұған дейін де барып келіп жүрмін...Осы жолы каникулым тіпті тез бітіп қалғандай өзіме...Мүмкін, жақындарымның қасында аз болғандықтан болар, көп уақытым жұмыспен өткені рас...

Қызығы мен шыжығы мол жаз айларын жақсы көрем! Менің жазға өкпем жоқ, жаздың маған өкпесі болса айтсын..)

Осылайша жазғы демалыс уақыты да аяқталыпты, бізді қайтадан қайнап жатқан қазанға лақтырып жібергендей...  

Қош келдің күрең күз... Сәлем Алматы, сәлем бәріңе!!! Күз келсе де, жадыраған, жайнаған жаз секілді көңіліңіздің жазы көп болсын!