( Массагетке тіркелейін-тіркелейін деп жүрген бір адамға арнап жазған түрімнен сол )
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ?
( «Cіз» деп сызылып қапты» деп отырған қайсысы? Тұра тұрсаңшы, мені жақсы қыз деп ойлап қалсын! )))
Жай, өз атымнан Массагетке шолу жасап, нұсқаулық ұсынайын дегем ғой...
Қолданушылар - мына өмірдегі ең керемет адамдар.
Онлайн қолданушылар - Массагет дейтін алып мекеннің әр түкпірінде я пікір жазып, я оқып, я жай ғана ашып қойып, я клип қарап, я «троллить» етіп, я екі минут бұрын «Шығу»-ды басып қойған адамдар.
Шапка - белгілі бір уақыттарда белгілі шараларға байланысты пайда болатын төбедегі қозғалатын сурет.
Блогтар - күнделік. Ішіңдегіні ақтарып салып, өзгеге өнеге беруге болатын да күнделік. «5», «4», «3» және «2» деген бағаларды қойып тастағың келетін де күнделік.
Танымал блог - қатесіз, көркем, мағыналы жазылған, қатаң тексерістен кейін статусы ауысатын, дін жайында жазуға болмайтын жер. Оған шығу үшін талапқа сай болу керек. Сосын, форумға «Танымалға қалай шығам?» деп бірнеше тақырып ашып тастау керек. Ерінсең, латиницамен жаза сал, ай, бірақ, басқа-басқа, жаңа қолданушылар шыға алмайды-ау...
Жаңа блогтар - massaget.kz/blog/3633 ) Ойбу, өшіріп тастаппын ғой. Қысқасы, еркін алаң, не жазғың келсе де еркің, бірақ, шектен шықпаған жөн.
Жұлдызды блогтар - әншілер мен админдердің күнделігі.
Бірге аударайық - әлем тілдері арасындағы шекара, барьерді азайтатын, мәдениетімен таныстыратын, жақсыны үйрететін жер. Адаммен сөйлесіп отырғанда «Неге төмен қарап отырсың?» десе, «субтитр іздеп үйреніп қаппын» деуге жақсы. Көз тимес үшін ара-тұра «Неппәле кілең кәрістер?» деп ұрсып қоюға болады.
Форум - аясы кең дүние ғой. Пікірталасқа арналған, «Я» не «Жоқ» деп қана пікір жаза салуға арналған, «Мерседес» деп бір тақырып, «Ауди» деп бір тақырып, «Көлігің бар ма?», «Сүйікті көлігің», «Алғашқы көлігің», «Арманыңдағы көлік» деп бір-бір тақырып ашып тастауға болатын жер.
Чат - а? ол не?
Техно - айфон, жәйфон, смартфон, қалтафон... фондар мен фон еместер жайында детальды ақпарат.
Мәдениет - Қайрат Нұртас дауға қалды, Қайрат Нұртас даудан шықты, дау Қайрат Нұртастан кешірім сұрады және т.б. мәдени жаңалықтар )
Видео - Массагет тарапынан өнерге деген құрмет, қолдау, жанашырлық.
Бастаңғы - денсаулық, физика, психика, өмір, жалпы, бәріне қатысты пайдалы кеңестер табылатын жер. Сондай-ақ, сүйікті түсіңе, ағашыңа, көлігіңе қарап тұрып бар құпияңды жайып салады және ол өте сәйкес келеді ғой. Сосын, кейде бір т үйір анекдот жазып қоя салады. Күлкі - витамин болғасын ба... )
Әлемтану - әлем алақанда деген осы. Бүкіл жер дүниені алдыңа әкелетін танымдық дүние. Оны оқып отырып: «Мәссаған», «Шын ба?», «Өлә, Африкада бағдаршам бар екен ғо» деуге болады ішіңнен.
Спорт - жейде сатылымға шықты, қояншығы ұстап қалған адам, біреу біреуді клубта ұрса, мәселесін майшаммен қарайтын, үйленді, үшінші қызды болды, қысқасы, спортқа қатыстының бәрі табылатын жер.
Білім - сөз төркіні, ел, шет ел білім ордалары, кейде жай ғана ( ойнап айтам, жай емес ) суреттер жарияланады.
І-дос - ғасыр талабына сай болам десең, «Ай-дос»-пен дос бол!
Әдебиет - мәдениет, өнер, білім, көркемсөз, аударма, шығарма, байлық, мұра дегеннің бәрі осында!
Айдарлар бойынша қызықты - қаймақ немесе сол бөлімге еріксіз апаратын қармақ.
Үздік әуендер - әуендер ғой )
Соңғы пікірлер - әдетің бойынша ретпен оқып отырсаң да басқа-басқа тақырыптарға, оқып қойған блогтарға бұрып әкететін шіркін ғой... )
Жоба туралы - сайттың төмеееенгі бұрышында, менің жазбамның ең аяқ жағында тұрғанымен сенің бірінші кезекте оқуың керек дүние!
Тіркелу - осы бір бауырмал, жарқын, жақсы шаңырақтың есігі.
Кіру - төрі!
Ендеше, іске сәт!
Қош келдің!
( Сіз деп сызылмай қойған ба, сөйтсе... )
суреттер: deviantart.com, fawnmag.com