Сәлееееем!

Сәлееееем!
жеке
блог

Сәлем Массагет!

Амансыңдар ма ардақты Массагеттіктер!

Өздеріңді сағынған бір қазақ хат жазып отыр, қабыл алыңыздар!

Мейіргүл сіңлімнің "Балдәурееен", Айкерімнің "сағындық қой" дегенін оқып жүрегім жарылды ғой "мені ұмытпапты" деп. "Қазір амандасам" деп едім, таза қазақпын ғой, "қазірім" енді болды.

Алыстағаным жоқ, осындамын!

Жазбаларды оқып, жаңалықтарыңды біліп, үй-жай болғандарға, қуаныштарыңа бірге болмаса да сырттай ортақтасып, тілекші боп жүрмін.

Қосақтарыңмен қоса ағарыңдар, жас келіншектер! Ақерке, Сәния шын жүрек, ақ ниетіммен қуаныштымын! Басқаларға жұғысты болсын!

Менде жаңалық жоқ, жүрмін. "Қара тікен сыртқа әйтеуір бір шығады" деееп күтіп. Бұйырған күні боп қалар, енді ааааз, кішкене ғана қалды Құдай қаласа.

Мүмкіндігінше мен сендермен біргемін, сендер мені ұмытпасаңдар мен сендерді естен шығармаймын ғой!

Көбірек жазуға тырысам. Әзірге осы.