Салауаттық өмір салтын ұстану жолын жастарға насихаттау

Бүгінгі таңда салауатты өмір салтын ұстанатын адам кемде кем.Яғни,бүгінгі адамдар жұмыс басты.Кеңседе немесе ғимарат ішінде жұмыс атқаратын адамдар өте көп.Ол әрине ең бірінші адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.Сондықтан да,салауатты өмір салтын ұстану ең бірінші орында.Біз,21 ғасыр ұрпақтары сол өмір салтын ұстанып жүрміз бе?

Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор.  Спорт-денсаулық кепілі демекші,адам өз өмірінде спортпен шұғылдану керек.Спорт саласында жетістікке жетіп,өз өмірін спортпен байланыстырып жүрген адамдар өте көп.Солардың бірегейі:Геннадий Головкин,Сабина Алтынбекова және т.б.Спортты сүйген адам,көп жасайтыны пешенеден белгілі. Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен.Бұл сөзінде,түсіне білген адамға терең ой жатыр.Яғни,Аристотель осы қанатты сөз арқылы болашақ ұрпақты спортпен айналысуға тәрбиелейді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық — әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Сондықтан да басты міндеттердің бірі — балалардың ауырмауына, денсаулықтарын күтуге,  .салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы жан-жақты даму, қабілетін көтеру, ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету, үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін тәрбиені мектептегі білім беруден бастауымыз керек. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті.Осы міндетке жету мақсатында әр-бір ұрпақ өз үлесін қосуы міндетті.



Бөлісу: