Сақтану қондырғысы

Соңғы кездері әлемді дүр сілкіндірген жаңалықтарыдың бірі Мысырдың Синай түбегіндегі Ресей ұшағы А321 лайнерінің апатқа ұшырауы еді. Ұзақ уақытқа созылған жұмыстардың нәтижесіне қарамастан апаттың шығу себептері әлі күнге дейін анықталған жоқ. Статистика мәліметтері бойынша әуе тасымалы ең қауіпсіз тасымал түріне жатса да адами факторлар немесе ұшақтың техникалық мүмкіндіктерінен туындаған қиындықтар әсерінен осындай әуе апаттары болып тұрады. Елімізде соңғы бес жыл ішінде өкінішке орай 22 әуе апаты орын алған екен. 

Қазан айының соңғы күндері украин интернет басылымдарында ВладимирТатаренко есімді украиналық авиация инженері ұшақтарға арналған апатты жағдайда экипаж мүшелерін және жолаушыларды құтқаратын қондырғы, капсуланың ойлап табуы тұралы жаңалық жарияланған еді. Небәрі екі-үш күннен кейнгі соңғы Мысырда болған әуе апатынан кейін ғалымның жаңалығы қарапайым адамдар арасында ерекше қызығушылықты тудырды. Капсула ұшақтың ұшу және қону кезіде адамдарға қауіпсіз қонуға кепіл береді. 

Капсула ұшақтың апаттық жағдай кезінде ұшақтың артқы есігінен (люк) небәрі 2-3 секунд ішінде атып шығатын мүмкіндігі бар. Жалпы капсуланың жұмыс істеу механизмі парашютке негіздіп, капсула парашютпен жерге қонады. 

Қондырғыны орнату үшін ұшақ құрастырушыларға тиімсіз жағы адамдар отыратын орындықтардың азаюы және ұшақ бағасының өсуі болып табылады. Ал орындықтардың азаю билет бағасының қымбаттауына әкеліп соғады. Алайда адам өмірі туралы мәселе қозғалған жағдайда қалған факторлар екінші рөлге ауысуы міндет екені сөзсіз.  



Бөлісу: