Сәкеңнің туған күні! Немесе Жарқынға сәлем! :)

Саясаткер, жазушы, дінтанушы Сәкеңнің туған күні болатын. Кеш қызықты өткенін бірден айта кетейік. Оның ішінде Болатбектің бұрап әкеліп тастап қалатын "тылсым" приколдары, Сәкеннің қойып қалатын қалжыңдары, Маржанның маңқ еткізіп айта салатыны, Әзиздің "әсерлі" әні, Назеркенің жарқын күлкісі... общым жалғаса береді... Барлығы да жарасымды. Құдды бір бала сынды қуаныш пен шаттықтың ортасында жүрдік-ай...

"Бастау" - боулинг, биллиард ойындарын осып тұрып ойнайтын, қызықты-думанды кеш жасау орны екен. Өз басым бірінші рет болдым. Содан не керек ел жиыла бастаған көрініс мынау...

 

Массагет командасы, үйреншікті әдетімен кеш төріне кешікпей келді. 

"Алаш" айнасының ең оперативті журналисі Болатбек "мә, қасқа, тоңдым, жаурадым ән..." деп, бір күлдіріп алды. (Негізі өйтіп айтқан жоқ, мен ғой, суретті сөйлетіп отырған) :)

 

" - Ту! Қайдасыңдар?! Күтіп отырқ қо!" Назеркенің дауысы саңғырлап шығып жатыр әрғі жәқтән.

Келген беттегі Сәкеннің бірінші сөзі: "Не виноватая яяя! Они сами..!"

Аяқ киім кию рәсімі Құбекеңе таңсық қой деймін, қайтар кезде ауыстыруды ұмытып кетейін деп тұрған сияқты :)

 

" - Ардақ, Ардақ! Суретке түсірівжібер!"

"- Әзиз! Сыймайсың!" 

Арада біреу "Болыңқ" ойнауды бастайық деп қалды. Екі командаға дереу бөліндік те, қарбыз-қауынды домалатуға асыққан кезіміз...

Докторант Сейілбек түсі бірдеңеге ұқсас допты алып алды. Пока галстук өз орнында :)

Анарка болыңқты өзім сияқты ойнайды екен. Тойыс, ойнай алмайды :)

Құбекең солақай! 

Сәкең допты шиырады екен. Бұл да бір әдіс!

Ең мықты ойыншы... десем болмай қалады-ау... :)

Сәния, Сәния, Сәния қыз! Қыз қызылға құмар деген!

Әзиз тура бір гол соққандай жібереді-ай шарды! Таңғалудан басқа амал жоқ, біздің команда жеңілетін сияқты...

Әзиз бен Болатбек біздің команданың көшбасшысына пара беріп, "жеңіске біз жетейік" деп тұрған жерінен суретке түсіріп алдық. А-а-а-а! Ұсталдыңдар ма! :)

Қарын ашты, қыздар дастархан жаққа қашты :) Сәкең бақытты :)

Сөз сөйлеу де жалғасып жатыр. Түуһ! неткен сөз десеңші :)

Көіңлді отырыс осындай-ақ болсын! Дастархан да керемет! Айтпақшы, бір джынды "алып қояйық!" деп айта берет...

Назеркеге суретке түссе болды, сөзді тыңдаудың қажеті жоқ :)))) Шөтке!

 

Сонымен, репортажымыз бітті. Әзіл-қалжыңдар мен әңгіме барысын сөз етуге болмайтын шығар, ол енді өз кухнямыз :) Деп қоясың да е. 

Айтпақшы, Жарқын ағамызға жалынды сәлем! "Бізсіз отырыс жасап жүрсіңдер ме?" деп сұрапсыз. Міне, мамыражай күйде, тура баяғыдай бас қосып жүрміз. Болатбек айтпақшы "шал-кемпірлерді" үйлендіре алмай жүрк. Бізге жол қайдан, асықпайтын түрі бар. Сонымен ән айтып бітірейік. Сәкеңе арнау: "Үйленгім келді, 25 жаста, Болатбектің ойы бір басқа... Үйленгім келді..." :)  



Бөлісу: