«Қазақтың-"Қазақ деген атауын бүгін қайтармасақ, ертең тарихта қалуымыз екі талай! "»-Сәкен Сейфуллин.
Дәуір ұранына сәйкес қазақ топырағында тарихи-революциялық тақырыпқа барған тұңғыш роман – “Тар жол, тайғақ кешу”. Ол 1922 жылдары жазыла бастап, 1927 жылы жеке кітап болып шықты. 1936 жылы өңделіп, толықтырылып, екінші рет басылды.
Омбының учительская семинариясын аяқтаған Сәкеннің роман-эссесі революцияның алдыңғы жылдарын қамтиды(1916 ж). «Акмола уезінің барлық қазақ елін оңтүстікке және солтүстікке бөліп , екі жағынан екі санақ комиссиясы шықты . Оңтүстікке шыққан санақ комиссиясының бастығы Томск университетін сол жылы ғана бітірген Асылбек Сейітұлы болды . Солтүстікке баратын санақ комиссиясының бастығы мен болдым . Бiз бес кiсiмiз . Аралап есебін алатын елiмiз он екi болыс ел .»,-деді Сәкен шығарманың ең бас тұсында. Бір ел мен екінші елдің арасында санақ жүргізіп, мың шақырымдай жерді айнала жүріп, іске кіріседі. Ащыкөлдің құбыла жақ бөлігіндегі Қоржынкөл еліне ат басын бұрған олардың алғашқы әңгімесі де таңқаларлықтай, төтесінен айтылған хабар еді. Төлеубай:«-Сен есіттің бе,қазақтан әскер жұмысына жігіт алатын болыпты дейді ғой?...Бізге он тоғыз бен отыз бірдің арасындағылардың есебін алып жібер деген отношение бар»,-деді. Сол сәттен бастап күйбелең отырған жұртта зәре қалмады. Тек хабар күтті. Хабар да көп кешіктірілмеді. Оларға жеткен жарнама: «25 июньде патша ағзамның жарлығы бойынша қазақ халқының 19 бен 31 жастың арасындағы еркегі әскерлік жұмысқа алынады». Жұртты дүрліктіргісі келмеген Сәкеннің де ойына теріс дүние келе қоймады. Дегенмен, күн өте шыққан жарлыққа қазақтан наразылық көбірек туындады. Тіпті , санаққа қатыспады. Көп ұзамай халық наразылығының бір шетін құлағына іліп үлгерген губернатор халықты тәртіпке салмаққа келді. Тура күйттеніп шабынған бура тәрізді. «Ақмола қазақтары патшаның әскери қызметіне бармауға , патшаның жарлығына мойынсұнбай , көтеріліс жасамақ болып жатыр,бунт шығарып жатыр» ,-деген хабарды естіп келдім . Қазақтың мұнысы құтырғандық , ақымақтық . Орыстың әскеріне , орыстың қару - жарағына қазақ қарсы тұра ала ма ? .. Қазақ бұл ақымақтығын тастасын ! .. Сендер , ақсақалдар , болыстар , байлар қазақ халқының қадірлі адамдарысындар . Сендер бір жұманың ішінде ел - елге шығып , қазақты әскер жұмысына баруға көндіріп келіңдер . Өйтіп келмесендер , өздерiндi жазаландырамын . Қырға , әр елге әскер шығарып , қазақты қойдай қырдырамын ! .. Қазақты шалғымен шапқан шөпше шаптырамын ! Пулемет дегенді білесіңдер ме , бір минутте пәлен оқ атады . Оқты жаңбырша жаудырады ! Сол пулеметпен әскер шығарамын ! .. Бір жұмада сендер барып , хабар алып келе алмасаңдар , әскерді қырға , жан - жаққа шығарып , жол бойы көрінген қазақты атқыза беремін ! Пулеметтерді оқ өтпейтін автомобильге салып алып жүреді . Қазақ қойша қырылады ... Есiттiндер ме ! .. Бiлдiндер ме ? .. Бір жумада бәрін жан - жақтағы елге шауып , қазақты көндiрiп келмесендер , өздеріңді абақтыға жабамын , қырға тұс - тұстан әскер шығарамын ... 15 минут өзді - өздерің ақылдасыңдар . 15 минуттан соң маған жауап бересіндер»-, деді, онсызда жандары мұрындарының ұшына келіп тұрған, қоян кейпін кешкен халыққа. Губернаторға қарсы сөз айтар кісі қайда?...
Қазақ қозғалысы(1916 жыл). Кемпір-шал, қатын-баланың көзінен аққан бір түйір жастың қаншалықты ауыр екендігі.... Әсіресе, жігіт баласы бар аналардың қара тұманы.«Жерімізді,суымызды бір алды,енді адамымызды алып,германның оғына айдап шеп қылайын дегені-бізді біржола құртқаны. Германға барып қырылғанша ,өз жерімізде өлейік»-деседі, ашынған халық. Бұл бөлім наразылыққа, біраз ішкі қуаттарға кеңінен ие болады. Және ең қуанышты жаңалық, Патша өкіметінің ҚҰЛАУЫ еді.
Керенский заманы, Совет үкіметі заманы (1916-1918 жж) саяси партиялар арасындағы айтыс түрінде кеңінен өрбиді. Аса көрнекті тұлға Садуақас Сейфоллаұлының негізгі ойы бойынша шығармадағы мазмұнға сәйкес, ол «Алашорданың» іс-әрекеттеріне теріс көзқараста болады. Негізгі үш бөлімде «Қазақ» газеті мен «Тіршілік » газетінің арасында өте үлкен шайқастар орын алады. Телеграмма арқылы бір емес бірнеше ондаған сындар газет беттерінде жарияланып, қалың бұқара арасына кеңінен тарап, адамдардың екіге бөлінуіне тікелей әсер етеді. Бірі,«Алашты» алақанына аяласа, енді бірі «Тіршілікті» тірегі санайды. Роман-эссенің ең бір ерекшелігі осында!Барлық сын мақалалар шығарма арасына толық нұсқасында кіріктірілген, енгізілген. Қай жылы, қай күні, кімнің атынан және қай партиядан... мәлімет мардымды.
Совет үкіметі заманында. Алашорданың милиция жасағы. Алашорда біраз жігіттерді жинап, әскер ойынына үйрете бастайды. Шыдамай, ақыры дегенде төзімдері таусылған большевиктер «Алаштың» әскер ойынын үйреніп жатқан «милициясының » қасына келеді. Бастан жоғарырақ жерге оқ атады. Абдырап, жан-жаққа қашпақ болған милицияларды бастығы-Қази тоқтатқысы келіп тұрғанында, оққа ұшады. Бұдан кейін Семейдегі «Алашорда» милиция жасамайды. Оққа ұшқан Қази-тұңғыш құрбан ретінде әркімнің қабырғасын қайыстырады. Мақалалар жарық көріп, бәрі дерлік өкірген сиырдай шулады. Қабірге қойып, құран оқылып болғаннан кейін Шәкәрім ақсақал халыққа қарап:«Әлеумет!Мына жатқан кім білесіңдер ме?Бұл ұлты үшін құрбан болған Алаш азаматының тұңғышы.Мұны өлді демеңдер,бұл өлген жоқ. "Бұл күні және мұнан соңғы ұлтым" деген азаматтар мына мен сияқты болып, "ұлтым" деңдер деп,өзінің ұлтшылдығын сөзбен емес,іспен көрсетті.Марқұмның аты да Қази еді.Қази «би» деген сөз,Қази билігін айтып кетті....». Осылайша, Алаш өзінің адал алғашқы құрбанын соңғы сапарға аттандырды. Ең өкініштісі, Қазидың артында 1 жасқа енді толған нәрсете қалып қалған болатын.
Чехословак лаңы, Ақмолада совет үкіметінің құлауы. Дәл осы бөлімде сері Сәкеннің нағыз тозақ күндері басталады. Ақмола түрмесіне жаздың жайдарлы басында түскен оның әр өткен күні тым ақырын жылжитын. Күнде сары уайым, күнде миға келетін түрлі ой. Тіпті, миға да, өзіне де маза жоқ. Келетін хабардың бәрі дерлік : "Ылғи бастықтарды атады;тірі қалар ешкім жоқ; өлетін күн алыс емес". Жатқан қамауда не терезе, не жылу жоқ. Қамаудағылардың да, жұрттың да айырылған есі қайта жиылып, алдағы күнді ойлауға ми әлсін-әлсін жұмыс жасай бастады. Сонда да, қара уайым пәлеше жабысты. Бірер уақыт өткеннен кейін қамаудағы тұтқын большевиктердің тең жартысынан көбісі Сербовтың тексеруіне шақыртылады. Сербов-монархист, техник, большевиктерге қарсы шығып сөйлеп жүрген біреу тұғын. Қапаста қайта қамалды.«Большевик» яки «большевиктерді қуаттаушы» деген атаққа жақын тірі жан болса, Ақмоладағы түрмеге тоғытып жіберетін. Сонан-ақ 12 бөлме түрме ішіне адамды лықа толтырды. Түрменің жағдайын Сәкен Сейфуллин шығармада өте көп баяндайды. Түрме он екі бөлмелі. Бәрі дерлік жүдеу, қапа. Шұрылдаған асқазанға берілетін тамаққа қанағат етуге міндеттісің, дегенмен қара су мен қара іші шикі нанның кішкене ғана бөлігі 2-3 күндік азықтың орнын толтырмайтын. Дала шыжыған ыстық. Торлы терезенің пішіні тым кіші. Жантайып жатар, аяқты тірер жер мұздай. Іші толған адам, иін тіресіп отыратындай ғана орын. Ең жағымсызы, қамауда отырып, сол қамаудың ішінде тағы бір қамауды сезіну. Аяқтағы шынжыр тіптен меңіреу көңілді одан әрі түсіретін.
Бір күні жауапқа шақыра бастады. Оның ішінде сері Сәкен де бар. Шонтонов бірер сауал қойды. Сәкеннің жауаптары тура, нақты, ащы еді.«-Сіз Алашордаға қарсысыз ба және неге қарсысыз?»,-деді Төлебай. Біздің санамызда Алашорда ең биік тұлғалар болғанымен, Садуақастың шығармасы теріс факторларды береді. Дегенмен, Сәкеннің берген жауабын жаза кеткім келеді.Сәкен: « Алашордашылдар орыстың патшасы түскеннен кейiн қазақты орыстан бөліп алып , өздері қазақ халқына хан болғысы келеді , өздері патша болғысы келеді . Біздің пікірімізше , патшадан бір құтылған езілген қазақ халқына енді хандардың ешбір керек жері жоқ . Және , бұлардың ниеті бойынша , қазақ халқы орыстан мулде болiнбек және қазақ жерінен күллі крестьян орыстарды қумақ . Орыстар қуылса , үлкен бүліншілік болмақ . Қазақтың нашар бұқарасына теңдiк әперген орыс еңбекшіл халқынан біз айырылып қалмақпыз . Міне , осы себепті мен « Алашордаға » қарсымын !». Халыққа көп еңбегі сіңген Сәкеннің Алашордаға деген қаралығының бар себебі тек осында еді. Ақмоладағы түрме күнделікті қайғы-қасіретпен өтпеді. Тіпті, Омбыдан хат та келді. Хатты орысша былай деп жазған:«... Вахтша Укметов болен туберкулезом. Хирурги отказываются лечить. Улькенбек Сабитов выздравливает. Благополучно приехал. Днче». Бұл орысша жазған хаттың қазақшасы мынау: «Уақытша Үкімет баласы науқас:құрт ауру.Тәуіптер "жаза алмаймыз" деп жатыр.Үлкенбек Сәбит баласы сауығып келеді.Аман-есен келдік.Дінше». Бұл жұмбақтау хаттың шешуі мынау еді: «Ақтардың уақытша үкіметі нашарлауға айналды. Күші азайды. Жұрт теріс қарай бастады. Большевиктердің кеңесу-Совет өкіметі оңалып, күшейе бастады...»-деп Жанайдар Садуақасұлы қол қойған. Осы сынды хабарлардан ара-тұра рух та жинап алатын. Достың достығы, қастың қастығы көрінер заман. Сәкеннің айтуы бойынша:«Кеңшілікте бұрын « жақсы » деп жүрген талай кiсiнiн тар жолда адамшылығы жоқ болып шығуы мүмкін екен . Және бұрын , жайшылықта жаман адам деп жүрген талай адамдар тар жолда өте жақсы болып шығуы мүмкін екен . Кеңшілікте кеудесін соғып , мен , мен ... » деп кекіп жүрген адамдарды тар жолда , ұлы сында көру керек екен .».
Ақмоладан айдалу.(1919 жыл.5 қаңтар). Уақыт қыстың ортасы, күн аяз. Шамалы жолды вагонда отырып еңсерді. Дегенмен, ең азапты жол жаяу жүрген жол болды.Төрт адам бөлініп, екеуден алма-кезек демалуға келісім алды. Олар, Сәкен, Бәкен, Жұмабай мен Абдолла. Ызғарлы жел мен қыстың қақаған аязынан тым тез әлсіреген екі жүдеу қазақ үшін кезекпен келетін орын енді бұйырмайтын болып сері Сәкен жаяу жүріске көндігеді. Ақмоладан Шортан поселкісіне дейін екі жүз елу шақырым.Бірақ,Сәкен үшін жай ғана жүрудің өзі сол кезде арман болған еді. Жауыздықтың басталған белгісі ендігі большевиктер үшін шын дұзақ болып,жабысты да қалды. «Азап вагонына» большевиктер өз аяқтарымен жеткізілді...
Атаман Аннековтың "Азап вагонында" (В "вагонах смерти" атамана Аннекова). Қызылжар қаласының тұтқын қамайтын лагеріне қамалды. Лагерь дегені-бес-алты тақтай жабылған қора. Одан кейінгі көргендері-вагон. Жабылған вагонның сыртында темір шыншыр. Іші суық, тас қараңғы, шұрықтардан кірген жел жүдеу денені одан бетер тітіркендіреді. 1918 жылдың маусымының басынан 1919 жылдың қаңтарының бесіне дейін Ақмола түрмесінде 7 ай уақыт өткізген Сәкеннің екі ай бойы өлімін күткені ең ауыр көрініс. Онсыз да терісі сүйектеріне жабысып, өңдері өлімсіреген большевиктердің тіпті ішер суы болмай қалды. Қара нанды екі күнде бір, болмай қалса одан да аса уақыт өткен соң әкелетін болып, ендігі халдері сарабдал шаршап, сыр берді. Әкелінген екі бөлке нан екі вагонға бөлініп беріледі. Кішкенк ғана нанның қиқымды бөлігі вагонның ішіндегілерге жұғымды болмады да. Ішер сулары-қардың суы. Оның өзіне далаға шығаруға көп рұқсат, олардың еркелігін көтеретін солдаттың адами бейнесі де жоқ. Вагон суық, тамақ жоқ. Жағдай шынымен күрделенді. Бірнеше тұтқын кейпін киген большевиктер азапқа шыдай алмады. Өлі денелері бос вагонға лақтырылды. Өлген себептері ызғар мен аштық. Көмілген не көмілмегені де белгісіз. Бостандықтан күдерлерін үзді. Бұл вагонда көрген қорлық Сәкеннің айтуы бойынша ең ауыр азап. Ұзақ уақыт жүрген вагон оларды Атаман Аннековтың штабына апару керек болды. Дегенмен, жетіп қалған уақытта, қайта артқа қайту керек болды. Шынымен, таусылмайтын шексіз секілді бір қарағанда бұл азап. Артқа қайтару себебі: Омбы лагері.
Омбы лагері. Омбы лагеріне жеткізілген тұтқындар уақыт өте лагер жұмыстарына апарылды. Бірең-сараны амалын тауып қашып та үлгерді. Сәкен де осы іске іліккен болатын. Вагондағы көрген қорлықтың Омбыдағы лагерьге қарағанда еш айырмасы болмады. Бар айырмашылық: ол-вагон, ал бұл- лагерь. Осы қапастан қашып құтылған Сәкеннің өмірі бұнымен жақсармады. Қашты, тығылды, пана іздеді, күйінді. Дала кезіп, үй-үйді, тума-туысты аралап, қашып-тығылып жүрді. Аштық пен уайымнан жаны да, тәні де жегідей желінген Сәкенді туғандары тани қоймады, Сәкен оларға өзін тану үшін мүмкіндік бергенімен, олар оған сенгенімен де, оның бейнесі тым аянышты халге түскен еді. Жылдан аса қапас пен аштықты өз бойынан токтай түршктендіріп өткізген оның тек сүйегі қалған еді.
Шығарма 1926 жыл, 17-сәуір-ден кейінгі аяқсыз жазбасынан соңына жетеді. Бірақ, автор «ақыры бар» деп жазып кеткен.
Сәкен Сейфуллин қазақ жерінде Қазан төңкерісін іске асырушылардың бірі болды. Ақмола совдепін құрып, Аннековтың азап вогонында, Колчак лагерінде қорлық көрген ол-қазақ үшін елеулі еңбек атқарып, мехнат тартты. Дәуір ұранын бейнелеген «Тар жол-тайғақ кешу»-алғашқы революциялық бағытқа негізделген роман-эссенің басын бастап берді. Автор өзінің мінезімен, өз ойымен шығармада ерекшеленеді.«Сәкен публицистикалык стильде ашық айтысқа барады . Біз , әрине , мұндай сәттерге уақыт талабы ыңғайымен , әркім өз талғамына орай , түрлі рәуіште көз салуға еріктіміз . Мә селен , автор теріске шығара көрсететін Алаш қайраткерлерін қазір ұнамды қырынан пайымдауға мүмкіншілігіміз мол . С. Сейфуллин жеке өзіне тән сол кездегі пайыммен , тағдыр нұсқауымен дұшпандық жікке бөлінген қарсыластары туралы субъективті тургыдан сөйлеуге құлықты әрі мәжбүр»-делінді шығарма соңында.
Тар жол, тайғақ кешу-мүлде тың тақырып, ол әдебиеттегі шектелген ақпараттардың шексіз шарықтауына үлкен жол ашты. Еркіндікті талап санады. Ширықшан тақырыпты түрлі жолда дамытқан Сәкен Сейфуллиннің шығармасы-XX ғасырдағы тарихи оқиғаның талғап оқитвн көркем шежіресі. Халық бақытын жұмысшы-шаруа революциясынан таппақ ниеттегі саяси қайраткер өзі құрған мемлекеттегі ұстанған саясаттың, оның ішінде теріс саясаттың құрбанына айналды.
Тендігі үшін кедейдің, жауызға көнбей , туладық .
Залымдардың жасаған, аранына уладық .
Қараңғы , суық зынданды, жатақ қылды тәніміз .
Қылыштың жүзі , мылтықтың, аузында болды жанымыз .
Шеңгелiнде жауыздың, кетіп адам сәніміз ,
Арыстандай шынжырлы өртеніп , қайнап қанымыз
Бір шұңқыр су , түйір нан, үйреншiктi ас болды .
Құл , көмір , қиқым , тоң төсек ,жастығымыз тас болды
Тас көмірдін топырағы, денені басып қаралап ,
Тас көмірдің түтіні, өкпенi қауып аралап
Қол - аяқта көк шынжыр, жыланша жалап , жаралап
Жауыздардың дозағын , көрдік қорлық - азабын ...