Сахнаны жандандырған “Күзгі бал” кеші қалай өтті?

Сахнаны жандандырған “Күзгі бал” кеші қалай өтті?
жеке
блог

     Күз-жылдың бірден-бір керемет мезгілі. Бұл мезгіл әрбір адамды терең сезімге бөлейтіні сөзсіз. Күздің алтын жапырақтары ғашықтардың жүрегін тебірентеді. Сондықтан да бұл мезгіл "Алтын күз" делінеді.

    Қазан айы. Сол бір айда керемет естеліктерге толы болды.

    Қазанның 19 күні. Бұл күнді барлық жастар асыға күткен. Үлкен Алматы шаһарында, Абай атындағы Дарын мектебінде 10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Шырайлы алтын күз" атты сайыс өтті. Бұл сайысқа әрбір сыныптан қыз бен ұл қатысады. Алдын ала сайысқа қатысушылар сәнді киіммен келу ескертілген болатын. Қатысушылардың да түрлі әдемі киім-кешектерде болуы өтіп жатқан балға сән бергендей. Сайыс басталғаннан аяқталғанға дейін қызықтарға толы болды. Сайыста оқушылар өз өнерлерін көрсетті   Арнайы сахналық нөмірлер көрсетіліп, әдемі әндер айтыды. Сонда "сән үлгісі" бойынша ерекше көзге түскен "Құлпынай" тобы болды. Бұл кештің ерекшелігі күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымын таңдаумен тамамдалды. Және де ол атаумен сайыстың ең керемет нөмірлі жұбы- 10 сынып  Айтжанов Ерғалым мен Бауыржанқызы Раушан жеңіп алды. 
    Күз келбеті болса осы әуен ырғағында тербеліп қала берді.  
                                                  Абай атындағы РММИ

                                                 10 сынып Бауыржанқызы Раушан