Сағынышым менің!
блог
Мен,Жаңғабылов Еркін Қарасайұлы,Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша осы жылдан бастап білім алудамын. Менің айтайын дегенім бұл емес, менің айтқым келгені ауылды сағынудың жәйін енді ғана біліп жатырмын. Иә, Алматыға арман қуып келдім, жаңа достар таптым, жаңа өмірмен таныстым, ата-анадан, туған туыстан, дос бауырдан, жырақта өмір сүрудің қандай болатынын көріп келем. Ең бастысы жанға сая болатын туған жердің табиғаты екен. Мен бұл жағдайды өмірдің заңдылықтарының бірі деп білемін, өйткені біз өзіміз қалаған мамандықты игеру үшін және де игеріп қана қоймай сапалы біліммен сол мамандықтың шыңына шығу үшін, туған жерден жырақта білім алуға тура келеді. Кеудені үнемі кернеген және де сарқылмайтын сағыныш бар, менің маңдайымнан Маңғыстаудың самалы бір сипағанша басылмайды. Маңғыстау - қазақ жігіттері десе қасқайып қамал болатын, ел үшін, жер үшін жанын қиятын жігіттерді,қазақ қыздары десе ішкен асын жерге қоятын, ақ жаулықты аналарымызды, қырдың қызыл гүліндей құлпырған қара көз қарындастарымызды табатын мекен. Ал Маңғыстау туралы әңгіме қозғағанда есімізге еріксіз термесі мен күйлері еске түседі. Терменің майталманы дара тұлға Қашаған Күржіманұлы қара халықтың талай мұңы мен зарын терме арқылы жеткізген, ал күйдің атасы Құрманғазы Сағырбайұлы. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас деген керемет мақалдың айтар ойын бірі білсе, бірі білмес. Менің бір түйгенім, асыр салып ойнаған сәттеріңе, мектепке қадам басқан кезіңе, ата-анаңның құлыным деп бауырына басқан кезіне ештеңе де жетпейді екен!