Сағынышты сағыну
жеке
блог
блог
"Көктемді сағындым ғой, өткенді сағындым ғой... Ауылды сағындым ғой, сағындым ғой, сағындым ғой..." Сағыныш - жүрегімнің түрткісі. "Сағыныш" атаулы жоқ болса, махаббат атаулы болар ма еді, дүниенің қадір-қасиетін түсінер ме едім? Әрине, жоқ! Егер мен ауылымды сағынбасам, отансүйгіштік сезімнен жұрдай болар едім ғой. Егер, балалық шағымды сағынбасам, бүгінгімнің қадірін білер ме едім? Әкем мен анамды сағынбасам, олардың амандығын тілер ме едім?
Мен сағынамын, сағынғым келеді, сарғайып аңсағым келеді. Сонда ғана мен өмір сүремін, жүрекпен сезіп, құлақпен естіп, көзбен көремін! Сағынбасам сорлымын, сондықтан мен сағынышты сағынамын...