Төрт жыл әзер шыдап, бітірген жылы, диплом қорғаған күні алды-артыма қарамай Алматыға қарай қашып ем. Дипломымды да артымнан салып жіберген болатын. Ешқашан сағынбаймын деп ойлаушы ем. Кешегі аптада сол мекенге жол түсті.
Кәдімгідей сағыныппын))
Төрт жыл оқыған оқу орныма мұнша ынтызарлықпен қараймын деп ойламаған ем...
Журналистика бөліміне бардым. Кафедра меңгерушісі Бекжігіт Сердәлі мен оқытушы Қуандық Оразбекұлы.
Студенттермен кездесу өткіздік. Газетпен таныстырдым. Шынымды айтсам, сүйікті жұмысымнан сондааай ләззат аламын.
Студенттерге арнайы сыйлықтар үлестірдік)
Мақпал Төребек екеуіміздің сүйікті ұстазымыз Сейдолла Садықұлы деген осы кісі.
Әтіркүл Тәшімова ең талапшыл, жақсы оқытушылардың бірі де бірегейі еді. Қазір университет газетінде істейді.
Махаббатымыз ортақ (массагет) сіңілім Мақпал Төребек пен группаласым Гүлжаз))
Мен мекен еткен "туретский" жатақхана осы. Студенттік жылдарымның куәсі)
Бірнеше жыл бірге тұрған бөлмелес сіңілілерім. Биыл 3-курста. Сағынысып көрістік)
Түркістандағы сүйікті орындарымның бірі қытай асханасы-"Үрімжі". Ондағы апайлар да танып, қал сұрасып жатыр))
Ал мынау студенттер асханасы-"Титаник". Бұл жерде де талай тамақтанып, төрт жыл тоздырып едік-ау)
Түркістанға келіп тұрып, кесенеге соқпай кетуге болмайды.
Тіпті Түркістанның желін де сағынған екенмін)))
Сосын арғы жылы мен былтыр бітіргендер, және биыл бітіретіндер бас қостық))
Менен бір жыл бұрын бітірген Алмас (ортада) пен бір жыл кейін бітіретін екі сері Ерсұлтан мен Ғалымжан.
Менің бар еркелігім мен тентектігімді көтеретін жааааан досым Нұралы))
Ал сосын ең жақын құрбымның тойына сақадай сай болдық)
Алғаш рет қыз жолдас болдым. Тойдың әсерінен әлі шыға қойғам жоқ))
Ең бақытты жұп Әли-Айдар мен Айкерім)
P.S. Сонымен бұл жолы да асығыс жүріп, бірнеше күнде бірнеше шаруамен киелі мекенге де барып қайттық. Ең бастысы, жастық шағымның бал сәттері өткен мекенді сағынады екем... Соны түсіндім))