Сағыныш...(өсиет әңгіме)
блог
Кішкентай қыз анасымен бірге бастауыш мектепке келе жатады. Бір кезде жаңбырдан су болған көзілдірігін сүртіп қойып бір нәрсеге қарап тоқтайды. Анасы қызының назарына іліккен не екен деп қараса, әкесімен велосипедте келе жатқан басқа кішкентай қыз екенін көреді. Велосипедтің артқы орнында отырған кішкентай қыз құлап қалмау үшін әкесін жабыса құшақтап, суықтан қызарған бетін әкесінің арқасына таяп отыр. Әкесі жиі-жиі қызы жаққа басын бұрып бір нәрселерді айтып қызды күлдіріп қояды. Алыстаған велосипедтен көз алмай қараған қызға анасы күлімдеп: – Үйдегілер жетіспейтіндей тағы бір велосипед алғызбақшысың ба маған? Бірақ айтқаның болсын, қатты ұнатқан болсаң, сатып алайын, – дейді. Кішкентай қыз жәутеңдеп: – Велосипедке қызықпадым. Әкесі велосипед айдап тұрса да, қызымен әңгімесін үзбей отыр. Анасы түк естімегендей… Қызының қымбат жылы бас киімін түзетіп тұрып: – Кейбір балалар осындай суықтың өзінде жаяу жүр. Әкең болса, жұмысқа асығып жатса да, сені мерседеспен қалаған жеріңе апарып жүреді, – дейді. Қыздың әлі де велосипедке қарап тұрғанын көріп: – Қаласаң әкең сені жалы машинамен емес велосипедпен әкеп жүрсін, мұны осыншама қызық көрсең, -дегенде, қызы мұң ұялаған жанары жасаурап: – Күшті болар еді! Бәлкім сол кезде әкешімді құшақтап сағынышымды басамын …