Сағыныш сарыны...

Сағыныш сарыны...
жеке
блог

-Алло...

-Алло, Айдана?

-Алло, мама қалайсыз, естілмей тұр ма?

-Жоқ, естіліп тұр. Жақсымыз ғой, өзің қалайсың? Сабағың, бәрі жақсы ма?

-Жақсы, бәрі де дұрыс. Не істеп жатырсыздар?

-Жүрміз ғойййй, күйбең тіршілік...

-Апа қалай, інілерім қалай?

-Жақсыыы. Әй, Атанек әпке деші,қане...(Алтынбек 1 жаста, әпке деп қалай айтсын, енде ғана тәй-тәй басып, жүргенде)

-Алтынбек өсіп қалды ма? Маған суретін жіберіңіздерші телефонмен.Зинок қалай? Шақырыңызшы,сөйлесейін (Зинок 7 жаста болатын,1-ші сынып оқушысы)

-Ол үй тапсырмасын  жазып жатыр.Жалқау болып кетті інің,ойыннан басқаны білмейді.

 Зинединнің  жылаған дауысы естіліп жатты. Мамасына ренжігендей,себебі сабағына ешкім көмектеспей жатыр екен.Айдана да:"Әй,көмектесіңдер менің ініме. Зинок ,қазір көмектеседі саған,айттым мамаға. Сөйлесші менімен"-дейді.Алайда ол жылауын тоқтатар емес. Атанек болса телефонға тыным бермей,жағаласып жатыр.Өзі де былдырлап бірнәрселерді айтады дейсіңңң. Айдана іштей "інім мені тани ма екен,көрмегеніме 3-4 ай болды шамасы" деп ойлап қояды. Айдана анасына:

-Неге жылауын қоймайды,жазуын жаза алмай жатқанға ғана ма?

-Сені сағынған ғой...

 Айдана сол сәтте  өзінің көзінен жас шығып кеткенін байқамай қалды.Ол да сағынған-ау шамасы.Ия,сағынары сөзсіз. Сыртқа шығып көрмеген,ауылдың ауасымен тыныстап,үй тіршілігімен айналысып,интернет дегенмен жұмысы жоқ, ата-ананың сөзінен бір де-бір рет аспай,томаға-тұйық болып өскендіктен бе,жоқ әлде мұндағы оқудың қиындығынан ба,әйтеуір отбасысы еске түскенде сағынышын баса алмай, көңілі босап қоя береді. Ауылдағы тіршілікті, екі аяғын тең баса алмай қалған әжесін, қатал әкесін, мейірімді анасын, ағаларын, бауырындай сіңісіп кеткен Аконай атты жиенін,өкпелегіш сіңлісін,кішкентай кезінен өзі баққан,баласындай болып кеткен Зинедин мен 1 жасар Атанек деп еркелетер інісін сағынды... Алғашқы күндері " мен сағынбаймын, жылап қайтемін,әлі 5 ай бар емес пе,сол уақытқа дейін шыдауым керек" деп жүрген Айдана ол сөздерінің дұрыс еместігіне көз жеткізді. Амал жоқ,оқу бәріне керек,заңдыы. Бәріміз дипломның артында зыр жүгіріп,күн-түн демей сабақ оқып жүрміз.Ал сол диплом бізге жүгіретін болады деуші еді адамдар.Айдана да арман қуып,қиялымен қанаттанып,алып-ұшып үлкен шаһарға оқу іздеп келген болатын. Жырақта жүріп ата-анасы мен бауырларының қадірін түсінді,сол кездегі кеткен қателерінің орнын қалай толтырамын деген сауалдың жауабын іздеуге тырысты.Оның болашақтағы ең үлкен арманы жақсы маман болу ғана емес, ең бастысы-отбасысының арқа сүйер жанашыры, іні-сіңлілерін оқытып, туған-туысқандарына жәрдемдесіп, ата-анасын дүниедегі ең бақытты жандар қылу. Айдана өзін көп ойлай бермейді, ойында бірінші кезекте солар тұрады,олар үшін бәріне де даяр. Дегенмен де Айдананың жан дүниесі ашылмаған сырларға толы,ешкім де біле алмайды. Айдана секілді жандар көп арамызда,оларға бір ауыз жылы сөз айтсаң жадырап сала береді,егер сенен жаман нәрсені байқап қалса суып сала береді. Себебі,олар өзіне демеу болар жан жоқ деп ойлайды. Сондықтан тек алға қарай ұмтылып,жетістіктерге жетуге тырысады. Жақындарының жылулығы Айданаға өте қатты қажет, өйткені күні-түні ойлайтыны солар, арманының негізі де солар...

 Ойлана келе Айдана сағынышын ақылға жеңдіре білді. Оларды көретін күнді зарыға күткенмен келе қоймайтыны тағы бар. Күндер зымырап өте береді, ал оның жадында әркез жақындары тұрады...