Сағыныш самолеті

Иә, сағыныш атты самолетпен бір ұшқым келеді. Себебі, көкейімде айтқысыз бір сағыныш бар. Сол сағынышты басу үшін самолетпен қалықтап ұшқым келеді. Сол самолеттің билеті кімде бар екен?

Сағыныш…Қашанғы адамдарды сары уайымға бөлеп, қашанғы мұңайтпақсың. Сенсіз жарық дүние не болар екен?! Бәлкім адамзат баласы қатігез болып, бір-бірн сүйіп, сағынудан ада болар. Бірақ сол сағыныш өзегіңді өртеген кезде не істеріңді білмейсің. Кейде сол сағынып жатқан адамың жаныңда емес, шалғайда болса тіптен жаман…

Сағыныш самолетіне дегенмен мініп, бір аралағым келеді. Мүмкін сағынған жандарымды көріп қалармын сол жерден…



Бөлісу: