Мен бұл хатты сағыныштан жазып отырмын. Әрине, бұл менің алғашқы махаббатыма деген сағыныш! Бір кездерде ойлаушы едім, сол бір күндері армандарымызды бірге жүзеге асырамыз деп...бірақ тағдыр екеуімізді қоспаса оған не шара. Қазір жазып отырғанымда көзіме жас келіп отыр және өте әсерлі күйде отырмын. Мұңды, әсерлі өлеңдерді тыңдап отырмын. Сол өлеңдердегідей айтқандай болса, пах шіркін болмас бір ғажап болар еді. Кейде қияли әлемге еніпте кетемін, сол кезде солай іс әрекет істегенде мүмкін қазір екеуіміз бірге жүрерме едік. Әй тағдыр десеңші, бұл өмір бізге берер тылсым күші мен тылсым құпиясы көп ғой. Бірде оқуға кететін кезімде, сен мені алдымнан күтіп алдың, сондағы мен сенің жүзінді көріп қуанатын едім. Екеуіміз бірге жүріп талай қызық оқиғаларды басымыздан өткердік. Мен сені, сен мені дұрыс бұрыс істеген әрекеттерімізді қадағалап отыратынбыз. Есіңдеме, сол бір түнде жаңа жыл кешінде мен бір қызбен отырғанымда, сен маған қараған көздерінен ақ байқаған едім қызғанып отырғанынды. Ақыры шыдай алмай сен менің қасыма келіп әлгі қызға бұл менің орным деп, сен менің жанымда отырып алдын, сол кездегі үнсіздікті айтсаңшы, ия мен сонда саған сөз айтуға батылым бармай отыр еді, сенде маған қара тұңғиық көздерімен қарап отырғансын. Сондағы үнсіз отырып, бір брімізді түсінгендей болдық. Сол кештен кейін мен сені күні түні ойлай бергем, есімнен кете қоймадын. саған барғанымда сен шықпай қойғансын. Мен осылайша, саған қатты ғашық болам деп ойлағанда емеспін. Сезімімді қалайша жасырайын... Бірақ, амал қанша....қазір бірге емесбіз, сен басқаның бақыты болып кете бардың, менде бір керемет жанның бақыты болып отырмын. Сен менен қанша алыстай берген сайын, мен саған сонша жақындай түсемін. Жүрегім мәңгіге сен деп соғады.....