Сағыныш

Сағыныш
жеке
блог

Ақбаянға

 

Танысып ек Алматы көктемінде

Сезім ұшқын,өмірдің өткелінде.

Талай тәтті сәттерің сағым болды

Қылықтым-ау,жоғалып кеткенің бе?

 

Біле тұра өзгелік өміріңді

Қимайтынмын күлім көз,көңіліңді.

Кешқұрымғы кофені көп көрдің бе?

Ауыстырып жібердің нөмеріңді.

 

Жүректе саған сезім тарылған ба?!

Іэдеп жүрем мен сені,жаным барда

Аман бол,арман қыз,Ақбаяным

Сені аңсап,дал болам сағынғанда.