Сағынғаным-ай....
блог
Жаңа оқу жылының басталуымен менің қарбалас күндерім де басталды... Қазір жұмыстан басқа өмір жоқ сияқты менде...ерте кетем, кеш келем, басым жастыққа әрең жетіп, ертеңіне жаңа жұмыс күнін бастаймын тағы да...бір аптаның қалай өткенін де байқамай қалдым, біраз қиындықтармен де бетпе-бет келдім. Әлі-ақ үйреніп кетем ғой...бұрын үнемі бір нәрселерді ойлап, толғанып, өзімше шимайлар жазып жүретінмін. Осы соңғы бір аптада менде ойлауға, армандауға, сағынуға бір минут та уақыт болмапты...жаңа жұмыстан келдім де, көзімді жұмып ұзақ жаттым....күз...Алматы...мына ойлардан жүрегім ауырып кетті...қатты сағындым....Алматы, сені, сенде өткізген алаңсыз күндерді, достарды.....сенде қалды жанымның бір бөлшегі...сенікіндей сап-сары жапырақтарды көрмеймін бұл жылы, ақ жаңбырыңның астында қалып жаурамаймын...белгілі бір жыл мезгілі деп айтуға келмейтін сұп-сұр табиғат пен аңызақ жел болар ендігі бауыр басатыным. АЛМАТЫ, сағынғанымды-ай сені....рақмет саған! әдемі естеліктер үшін!