Сағынған көктем...

Сағынған көктем...
жеке
блог

Көктемнен сені іздеймін...

Көктем келді, сағына күткен елге,

Көк бәйшешек сән берді қара жерге.

Көптен күткен еркесі төрт мезгілдің,

Көкке оранды, сор тартқан анау белде.

 

Күн көзінен қар еріп жылғалады,

Көктем келіп, қарт қысты сынға алады.

Көктен тарап нұр шашқан күннің көзі,

Кетер еске түсіріп сырғаларды.

 

Келіншектің жасауы секілденген,

Келді көктем, көгімен желкілдеген.

Кездестірсем өзіңді көктем күні,

Кезермедім елімді еркін еркем.

 

Кеткен едің күздің күн мұңға оратып,

Келген еді сол жылы қыс боратып.

Келіп кетіп жүретін төрт мезгілдей,

Көктем тауып жүремін, күз жоғалтып.

 

Киіктің маралымең көктем келер,

Келіскен сымбатымен дала кезер.

Кербездік тал мүсінге жарасатын,

Көрген көз мың қайтара көре берер.

 

Көкте тұрып өзіңді сүйер күнмін,

Кезіп жүрген жүректі сендік үнмін.

Көктем келді, келер деп сенде еркем,

Кең даланы үмітпен кезіп жүрмін... !

 

Ерке көктем...

Көкке оранды өркеш таудың етегі,

Бой көтерді жалбыз, жуа, бетелгі.

Көктем келді көптен күткен жайдары,

Секілденіп махаббатпен мейірімнің мекені.

 

Келді көктем жаңаша күн басталды,

Оятқандай ұйқысынан жас жанды.

Ұқсатамын бойжеткен сол аруға,

Алғаш бүрін жарып жатқан жас талды.

 

Көктем келді көкке оранды айнала,

Бөктер, белдер гүлге толды жайқала.

Жаңа киім киінгендей табиғат,

Тек өзгермес қара түнгі Ай ғана.

 

Көктем бүгін, табиғатты жаңартқан,

Табиғаттың өзгеше бір сәні артқан.

Төрт мезгілдің еркесіндей еркелеп,

Еркелігін сездірер әр тараптан.

 

Көктем түні, таң атырдық Ай қарап,

Ойға шомдық, түн аспанда нұр санап.

Ерке қызды еркелеткен сол көктем,

Естен кетпес, ұзақ құшқан аймалап... !

 

Сағынған көктем...

Аймалап құшып, ернімнен өпкен,

Сағындым ыстық лебіңді.

Сағынып жүрген келгенде көктем,

Сезіндім ұмыт сезімді.

 

Кеш түскеннен күтетін едім,

Көк гүлге толған көк белде.

Келерін қайтып білмеппін сезім,

Сағынып жүрген көктемде.

 

Жұлдызға толы аспанға қарап,

Тілеуші едік көп арман.

Бақытты болу жазбапты бірақ,

Бақытсыз болып жаралғам.

 

Ұмытып сені кеткендей едім,

Көктемнің соңы жаз болып.

Өзіме ғана тілеймін өлім,

Тек жүрсең болды мәз болып.

 

Бақыттан басың айналып сенің,

Жүрсіңбе бүгін мәз болып.

Есіме бүгін түскенде менің,

Көзіме кетті жас толып.

 

Тоңдырып барат бойымды өпкен,

Көктемнің таңғы самалы.

Есіме түсті, өзіңмен өткен,

Күндерден туған жаңа әні.

 

Сен келмеген көктем...

Көктем келді!!! Көкке орап даланы,

Қой қоздады, дала кезді жаңа үні.

Жүрегімнің лүпіліндей соқтыққан,

Асау толқын қайта соқты жағаны.

 

Көктем келді!!! Адыр, қырқа гүлдеді,

Ұқсар саған түскен шуақ күндегі.

Қол ұстасып айдын кешкен кешегі,

Ұқсатамын өзімізді, қос аққуға көлдегі.

 

Көктем келді!!! Жүрегіммен өпкем мен,

Өзгеріс жоқ жыл айналып, өткенмен.

Жанымды жаңартатын мезгілімде,

Тек сен сәулем келмедің, бұл көктеммен!.

 

Көктем. 

Көктем сұлулығы оятып таңда,

Жағымды леп берді ұйқылы жанға.

Қызқалдақ, бәйшешек бүр жарып сонда,

Сырлы бір көбелек қонды гүлзарға.

 

Табиғат көркін безеді гүлім,

Шуағын таратты арайлы күнім.

Көктемнің көйлегін киіп үстіне,

Қанекей сүйіктім келсе ғой бүгін.

 

Таулардың домалатып сайларға тасын,

Соққанда көктегі найзағай, жасын.

Ғашық сол бұлбұлым мың сан сайраса,

Кеудеме сүйіктім қойсакен басын.

 

Көктемде күш берген жүрек  білекке,

Қалсада ризамын басым түнекте.

Көктеммен келіп, күзбен кетсеңде,

Бір рет күлімдеп от бер жүрекке.