Сәлем, сәлем! Алдында жазылған посттар сияқты бүгінде қазақ музыкасы жайлы тақырып қозғағым келіп отыр. Бүгінгі тақырып менің балалық, жастық шағымда сүйіп тыңдап өскен әндер жайлы болмақ. Осы бір әндерді тыңдап сізде сол кездегі қызықты сәттерді еске алады деген ойдамын. Өйткені осы әндерді тыңдасам, бейнебір балалық, мектептегі шақтарым көз алдыма келеді. Ол кездері той әндері қазіргі кездегідей қатты ел аузында тыңдалып жүрмейтін. Соңғы жылдары тойға арналған әндердің саны мен сапасы сәйкес келмейтіндей көбейіп кетті. Бұл мәселе жайлы қозғай берсем, түбіне жетпейсін. Сол себепті бұл мәселеге үлкен жеке бір пост арнармын. Әзірше сіздерге дайындаған плейлистімнен дәм татыңыздар. Ас болсын достар!
1. Бауыржан Исаев - Аяулым
Бұл ән сол жылдары шыққан кезде де қатты сүйіп тыңдайтынмын. Ол кезде мен бұл әнді кім айтатынын да және атын да білмейтінмін. Бірақ осы әнді тыңдағанда, үлкен бір қиялға берілетінмін. Қазір осындай әндердің тізімі азайып кеткені көңілді түсіреді. Бұл әндерді еске алсын деп қана емес, ендігі өсіп келе жатқан жастардың тыңдағанын қалаймын.
2. АБК - Тамшылар
Қазір АБК десен "олар кімдер"-дейтін жандар да бар екен (өзіммен жас шамаластар жайлы). АБК сол 90 жылдары ел арасында үлкен сұранысқа ие болған топ болатын. АБК жайлы бұл жерге жазбасам да болады. Себебі бұл топ жайлы көбісі білер деген ойдамын. Білмесеңіздер, тарихын оқып, әндерін тыңдап көрсеңіздер болады. Олар "Тамшылар" деген әнімен қазақ тыңдармандарының жүрегін жаулап алғаны сөзсіз. Тыңдап, бағалап көріңіздер!
3. Орда - Белгісіз жан
Орда тобы айтып, таныстырып та қажет емес сияқты. Бұл топ жайлы қазіргі жастар да, үлкендер де біледі деп ойлаймын. Қазіргі таңға дейін бұл топ өзінің жұмысын тоқтатқан жоқ. Өте еңбекқор, музыкалық талғамы жоғары жігіттер. Бұл тізімге Орданың "Белгісіз жан" әнін қосқым келіп отыр. Өйткені, осы ән әлі күнге дейін жастар арасында тыңдалып жүргені сөзсіз. Бұл әнді көшеге шыққан кезде, ауылды шулатып айтатынбыз. Эх, қайран сол кездер-ай :( Осындай әндер арқылы сол кездерді еске алып, сағынышымызды басып аламыз.
4. N. N. Bek - Қыздар-ай
Сол кездердегі әндерді еске алып, осы бір әндермен өскеніме қуанып отырмын. "Қыздар-ай" әнімен қыздарға тиісіп, ер балалар қосылып айтатынбыз. Бұл әнде көшенің әні болатын. Ән өте қарапайым жазылған және өте жағымды естіледі. Бұл ән біз үшін үлкен хит болып, жастар арасында тез таралды.
5. All Davai - Күт мені
"Сен маған хат жазуды ұмытпа"-деп ән салып отырмын. Ән өте қатты ұнайды. Әлі күнге плейлистімде өшірілмей, сақтаулы тұр. Әскерге кеткен азаматтар осы әнді әлі күнге дейін гитарамен айтып отыратыны сөзсіз. Сондықтан, қыздар әскерге кеткен жігіттеріңізге хат жазуды, соңына дейін күтуді ұмытпаңыздар :)
6. Рахат Тұрлыханов - Асыл әжем
Әжетааааааай, сізді сағынып кеткенім-ай :(
Әнді тыңдап отырып, әжеммен болған сәттерім еске түсіп кетті. Сол кездердегі әжемнің бейнесі, күлкісі, жылулығы көз алдыма келіп отыр. Міне, ән деген осылай есте қаларлықтай шығу керек. Сол сәттерге қайтадан оралғым келіп тұрғаны.
7. Құрмаш Маханов - Жан сырым
Қазіргі таңда осындай әндердің азайып бара жатқаны өкінішті :( Сіздерег айта-айта шаршатқан сияқтымын. Айтпасан, болмайды. Тойдың әндері немесе сол бағытта орындалатын әндердің көптеп бара жатқаны жыныма тиеді. Бұл әнде көше әндерінің бірі болатын. Әннің сөзі, мағынасы өте сапалы жазылған. Жұмыстан шаршап келгенде демалып, ойланып, кофе ішіп отырып тыңдайтын әндерімнің бірі. Өте жұмсақ, жайлы, жағымды ән. Бағалаймыз!
8. Бәйтерек - Сен
Қателеспесем, бұл әннің авторы - Қайрат Баекенов. Қазақ эстрасындағы маған ұнайтын композитор, әншілердің бірі. Бәйтерек тобы туралы сөз қозғап та қажете емес. "Ханшайым" деген әндері барлық дискотека және машиналарда ойнап тұратын. Ал, "СЕН" деген әні көпке танылмаса да, бірақ нағыз музыка жанашырларының плейлистінде орын алғанында еш күмәнім жоқ.
9. Азия тобы - Ғажайып күй
Шынымен де ән "ғажайып". Орыстанып кеткен қазақтардың плейлистінен де табылатын ән. Әннің сөзін жазған авторға ерекше рахмет. Себебі, әннің сөзіне қарамай жазылатын әндердің саны қаптап кетті. Өз басым, әннің сөзіне мән беріп тыңдаймын. Әннің мағынасы болып және музыкасына сәйкес келіп тұрса, одан артық ештене керек емес деп ойлаймын
10. All Давай - Без тебя
Бұл әнді тыңдасам, осы әнді айта беретін досым есіме түсіп кете береді. Тізімде бір орысша ән болса қарсы болмайтын шығарсыздар. All Давайдан бірнеше қазақша әндері шыққан болатын. Бұл ән тек Қазақстанда емес, СНГ төңірегінде танылған әндердің бірі болды. Бүгінге осы, егер сұраныстар болып жатса, бұдан да басқа әндердің тізімін жариялауға дайынмын. Егер бұл пост ұнап жатса, саусақтарыңызды көтеріп, өз ойларыңызды қалдырыңыздар.