Сағындым сен, үмітім менің...

Сағындым сен, үмітім менің...
жеке
блог
Сәлем достар!!! Бұл менің алғашқы блогым болып табылады. Биылғы жылы алғаш рет мерекелерді жалғыз қарсы алудамын... Біз 7 ай бұрын қалай армандап, бірге болашақ құрып, екеуміз бір-бірімізсіз өмір сүре алмайтын едік...Сен бұл жалған дүниемен біржола қоштасып мәңгілік ғұмырға жол тартың.Ғұмырың қысқа болсада менімен бақытты өткізген сәттерің үшін мың алғыс! Қазіргі сәтте тек сенімен бірге өткізген сәттерімді, бірге аралап жүрген саябақтарды, бір-бірімізге қуаныш сыйлап, бірге мұңайған кездерімізді,саған сәл бұрылып қараған көздерден қызған сәттерімді, түнгі қаланы аралап, аспандағы жымыңдаған жұлдыздарға қарап,таңғы күннің арайлап атқанын тамашалап, көп адамның арманы болған арман қалаға бірге келіп, студенттік сәттерге бірге қадам басқан, қол ұстасып қала аралап, бақытты жүзімізді көрген ата-әжелер,құрбы-құрдастарымыз,бізге қызығып қарап,өздерінің бата-тілектерін беретін еді...Мен сені  және сенімен өткен әр секунттарымды, күлімдеген күндерімді, бақытты жүздерімізді қатты сағындым!!! Енді тек маған жұбаныш болар елесіңмен бірге болған бақытты шақтарымызды сағына еске алып ,аспанға қарап сенімен сырласу және түсімде көру...
Кеше ғана көруді мен аңсаған,
Дауысынды естуге мәңгі зар болдым,
Аллаға тек табыстадым өзіңді,
Жатқан жерін жарық болсын ИншАллАх!
Ата-ананың қасына сен қосылдың,
Жаратқанның жазғанына көндім мен,
Сені ғана сүйетінім тек анық,
Ұмытылмас маңгі елесін қалды тек,
Сені көріп түсімде мен қуанам,
Оянбасам екен деп мен сұранам,
Айналса ғо сол түс менің өңіме
Деп Алладан жарбанумен сұранам!!!
 Жаным маған шын сүюді, шынайы бақытты сезіндірген,қызғанышты ұғындырған сен едің жүрегім!Біздің армандарымыз көп еді...Шыны керек қазір армандауды ұмыттым, тіпті 1 сағат бұрын бірдеме ойлауғада қорқам. Сағыну, күту, ғашық болу, аңсау, жүрекпен жылау, мәңгі мұңды, қайғыны барлығынада шыдауды үйреткен сенсің Мәңгі махаббатым!!! Қыздар мен жігіттер және ғашықтар, бір-біріңді бағалай біліңдер!!!