"Сағындым сені сүйіктім" жазбасына орай

"Сағындым сені сүйіктім"  жазбасына орай
жеке
блог

Замандасым! Сіздің жүрегіңіздегі сағыныш сезімі мен үшін де таныс сезім. Жалпы мен үшін емес - ау, жүрегі бар әр пендеге таныс сезім. Бірақ мен сол өз бойымдағы сағынышты нендей сағыныш екенін түсіне алар емеспін. Ол жігітпен жұмыстас болғаныма екі айдан аса уақыт болыпты. Жұмыс күндері қалжыңдасып, үнемі көңілді жүреді. Айтайын дегенім, сол жұмыстасым жоспарланбаған іссапарға кетті. Іссапарға жүрер күннен бір күн бұрын бастығым маған келіп, екі аптаға іссапар жазарсың деді, мен "қайда" деп ем, "Осындай - осындай қалаға біліктілігін арттыру орталығына" деп шығып кетті. Үндемей отырып қалдым, бойымды бір түсініксіз сезім билеп алды, "Екі апта" дедім ішімнен, жүрегімде бір қимастық сезім. Білмейм, мүмкін сіздерге түсіндіріп айта алмаспын, бірақ дәл сол кезде, сол ағамның менен алшақ кетпегенін қаладым. Іссапар куәлігін жазып отырып, өз-өзіме "сен оны жібергің келмейтіндей ол саған кім еді" деп сұрақ қоямын, осы ойға қабаттаса жауабы да тіліме оралып жатыр "Ешкімім емес". Онда не себепті, мен оны қимай тұрмын? Ия, сол бір сезім жүрегімде қала берді, ол... ол ертесіне-ақ іссапарға жүріп кетті. Сағындым, сағынып жүрмін, ия, қатты сағындым. Бұрын соңды ұзақ уақытқа іссапарға кеткен жұмыстастарымды сағынған емеспін. Жалпы мен өте сезімтал адаммын. Шамасы ол ағама бауыр басып қалған болуым керек. Бүгін екінші қабатқа көтеріле салып, оның кабинетіне қараймын, кілттеулі, және "Қайырлы таң, ханшайым!"деген дауысын да сағыныппын. Өз кабинетімнің есігінің алдында оның жұмыс кабинетіне ойлана қарап тұрып қалыппын... Уақыт күтпейді, жұмыс басталып кетті. Бәрі жақсы, тек Сіз жоқсыз... Жалпы іссапар жұмыстастар арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі деп ойлаймын. Күнделікті көре берсең, кей күндері "қағаздың астынада көміліп жататын күндері" сол жұмыстасыңа амандасуды да ұмытып кететін кездер болады ғой, солай емес пе?

Ал, Сіз, ұзақ уақыт іссапарға кеткен жұмыстасыңызды сағынасыз ба?