Сағындым сені .....

Сынағы бітпес,
Арайын шашқан таң атар кезек кеш батар
Жұбанбас жүрек,өзiңдi аңсап жылатар
Сағынып сенi, сабылып жүрмiн күтумен
Суынбас жаным, тек сенi ғана ұнатар.
 
Ойларға  батып …
Жолыңды тосып, жолдаймын сәлем кептерден,
Гүл жиып қойғам, екеумiз барған бөктерден,
Кездескен жердi жүремiн күнде маңайлап
Сөз байлап қалған, өзiңе жаным серт берген.
 
Қарайлап жолға,
Сағынып сенi, көп болды өмiр сүргелi,
Тоқтамас уақыт жылжиды ылғи iлгерi,
Сынаптай сырғып жоғалар күндер, оралмас
Айналмас артқа, сағаттың өткен тiлдерi.



Бөлісу: