Сағындым ауыл көктемін

Сағындым ауыл көктемін
жеке
блог

Күзде кеткен

Құлазытып құла таң қыр алабын.

Қанатынан құстардың құлаған мұң,

Қар астынан гүл ашты көктем болып,

Қырат үнсіз тыңдайды бұлақ әнін.

 

Күнге беріп сауырын жылынып бір.

кермедегі сәйгүлік тынығып тұр.

Қаһарынан құтылып қатты қыстың,

Сора-сора жылайды жылымық қыр.

 

Қоңыр үйдің әуелеп қоңыр әні.

Жар жағада қозы лақ маңырады.

Көкті тіліп қаңқылы Қоңырқаздың,

Наурыздың соғылар қоңырауы

 

Томағалы қырандай тұғырдағы.

Құс ұйқылы келеді қыр ұлдары.

Алқын- жұлқын алысып асыр салып

Ойын қуар желпілдеп тұлымдары.

 

Арман сағым бұлдырап алты қырда.

Су кешушек Ақбұлақ алқымында.

Әжем сонда  жағатын кілегейді,

Тілім-тілім су жеген балтырыма.

 

Қала келіп жегілдім жалқы мұңға

Тірлік қолын тіреді алқымыма.

Тағдырымның төбеті жаралаған,

Кілегей жоқ жағатын балтырыма.

Әжеее!!!