Сағындым Әке иісіңді...

Әкешім...Жанымда жоқ болсаң да,жадымда,көңілімдесің.Сіз туралы айтылған естеліктер ғагна жанымды жадыратады.

Менің әкем абзал да ,ақкөңіл,жақсы да қамқор адамдардың қатарынан болатын.Бір апта ауырып,мәңгілік дүниемен қоштасып кете барды.Бізіді тастап кете барды...оны ажалға қимай ,жанұшырып жылағанмен,қолдан келер шара қайсы?Ойлаймыз,сол күн қайта келсе деп өкінеміз...Әкешім,сені қатты сағындым.Адамдармен тез тіл табысатын ,адал,еңбекқор едіңіз.Бізге осы тәрбиені бергеніңіз үшін мың да бір алғыс.Оны ауылдағы сіз еккен  бау бақшадан көруге болады.Бәрі жайқалып,уылжып пісіп тұр.Демек,біз сіздің аманатыңызға,тәрбиеңізге сызат түсірген жоқпыз.Сіздің өмір жолыңыз да қызық.Қасиетті Рамазан айында дұүниеге келіп,55жыл өмір сүріп,Рамазан айында көз жұмдыңыз."Рамазан айында қайтыс болған адам жұмаққа барады"  дейді ғой.Жаныңыз пейіште болса екен.Алла,жасаған ағаттығыңыз болса,кешірсе екен.

Сіз "сары қызым үлкен азамат болып,бізід асырайды" деп маңдайымнан иіскейтін едіңіз.Шіркін-ай,сол кезде қандай бақытты едім...Сіздің артыңызда жақсы сөз,пікір қалды.Осы бізге мың жылға азық болады.

Бұл өмір болғандықтан ,әркімнің  тағдыры әртүрлі болады ғой.ең бастысы,қамшының сабындай ғана өмір сүрген  асыл әкемнің  асқардай үмітін ақтағым келеді.Өзіңіз нәр берген бақша секілді  балаларыңыз да өсе бермек.

2012.08.21



Бөлісу: