Шырқалып талай көңілде сағыныш әні,
Сен дегенде жанымнан жалын ұшады.
Сенің бейнең судағы айдың сәулесі
Еріксіз келіп көзіме шағылысады.
Өзіңдей гүлдер даланы көркем етеді.
Жымиған күлкің жүректі өртеп өтеді.
Бір қарап қалсан көздерің
Сезімді сырлы бір сәтке еркелетеді.
Тағы бір көктем даланы гүлдендіретін,
Болдың ау,қалқам,түсіме күнде кіретін.
Осы бір мезгіл салады еске еріксіз
Кездерді солбір бірге жүретін.
Амалым бар ма,қлмадың жанымда менің,
Қал деп те сенің алдыңда жалнбап едім.
Арман қуып алысқа аттанарыңда
Бақ тілеп мәңгі "сөнбегін,жалында" дедім.
Ойлап ем сонда өзіңді ұмытармын деп,
Сезімді әркез өзіңе деген құбылтар індет.
Сағынбасаң.... Сағынбай ақ қой мені
Өрт болған сағынышыммен өзіңді бір күн жылытармын кеп!!!
Сағынбасаң... Сағынба ештеңе етпейді,
Бет орамал сыйлама кестелеп мейлі.
Сағынбасаң да таңданысым жок менін
Себебі биыл тырналар былтырғыдан да кеш келед дейді.....