Сағынам сені, Айдар
жеке
блог
блог
Көңіл-күйім жақсыда, қуаныштан жүрегім жарыларда, табиғатқа шыққанда, мамыр келгенде, сені сағынам, Айдар.
Ерінбей, жалықпай, кіші болсаң да менің еркелігімді көтеріп, еркелететініңді сағындым.
Жұмыстан шаршап отырмын дегенімде келіп, рекламная пауза жасап кететініңді сағындым.
Қыз бен жігіт арасында шынайы достық болар деріңді сағындым.
Сен көрсеткен Бурабайды сағындым. Сен көрсеткен Астананы сағындым.
Бұртия қалар еркелігіңді сағындым. Жеңгешкам қылам деп ағаларыңмен таныстырғың келер тірліктеріңді сағындым.
Сағындым, сағындым, сағындым...