Сағың сынбасын қайсар қыз Інжу Маратқызы

 

Өмір дәурен-ай.. Ескі Жадыраны білетін адамдар кұртады осы мені. Жаңа таныс, жаңа орта тауып, өміріме түбейгелі өзгеріс орнатқым келіп жүр. Адам баласына толыққанды бақытты болу үшін бірдеңке жетпей тұрады дегені рас-ау. Осыған қол жеткізсем енді толықтай бақытты боламын деп қоямын. Дұрыс арман ғой, бірі орындала сала екіншісі, келесіне көз тігеміз. Оны «алға ұмтылу» деп қояйықшы. Осы  жылы өмірім сынақа толы болды, яғни мені өмір сынап келді, төздім бе өштім бе?! Төзгендеймін ғой, бір Аллаға разылығым шексіз, жолымда жақсы адамдар кездесіп жатты,  тәубә етіп қоямын. Інжу әріптесім  өмірімнен ойсыратып орын  алды. Оның да жасаған жақсылығы шексіз, бір-бірімізге жанымыз ашып, демеу бола білдік. Бөтен біреу туысыңнан жақын болып кететіні рас екен. Ол кезде, яғни бір шаңырақ астында бірге тұрғанда бәрі ғажап болды дей алмаймын, әр уақыттың өз ауыртпалықтары болатыны анық. Бірге жүгіріп, бірге жылынып,бірге күліп, бірге тондық.  (Көзге жас келіп тұрғаны)

          Қуанамын, әрине Інжуді аз уақыт болса да біліп қалдым, өз күнін өзі көріп жүрген, жауапкершілігі мол, сәл тұйықтау, қайратты,  бәрімен бірдей ашылып сөйлесе бермейді. Қиын кезеңде жолықтырдым, адасып жүрген кезім еді,  ол маған жол көрсетті.  Сендім мен ол қызға, ең бастысы сендім. Толықтай бар сырымды, жегідей жеген, шешімін таппай жүрген жайттарды айтып, ағынан жарылдым. Біздің бір-бірімізден жасырғанымыз болмады, жақсыны жақсы жаманды жаман деп айта білдік.  Мақтады, жақтады, рухтандырды, сүйеу болды. Ризамын. Жылы шырай танытқан жалғыз адам еді сол кезде, жаутаңдаған көздерімнің жасын сүртті. Міне, ол мені тастап өз өңіріне келмеске кетті. Бірақ, тағдыр бізді әлі талай тоғыстыратындай. Мен өзіңді сағынудамын Інжу маржаным.. 

 

 



Бөлісу: